17
май
2024
"Жыл мұғалімі - 2024"
2024 жылдың 16-17 мамыр күндері “Жыл мұғалімі-2024” байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Онлайн түрде екі турдан, офлайн түрде үш турдан тұратын аудандық “Жыл мұғалімі-2024” байқауына ауданның 20 педагогы қатысып, А.Байтұрсынұлы атындағы #7 мектеп -лицейінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Кыдыркожаева Нургул Сартбаевна авторлық жаңашыл идеясымен, педагогикалық озық тәжірибесімен ерекшеленіп “Лучший портфолио” номинациясымен марапатталды. Бірнеше оқулықтың, дидактикалық материалдар мен әдістемелік нұсқаулықтардың авторы Н.С.Кыдыркожаеваны шын жүректен құттықтап, педагогика саласына атқарған еңбектері үшін рақмет айтамыз.