26
September
2019
семинар "Өзіне- өзі қызмет көрсету"
2019 жылғы 21 қыркүйек күні Талғар ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Айтуганова Айман Жұмақанқызы және маманы Шынтемиров Дархан Серікұлының қатысуымен А.Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінде «Керек құжат – қолжетімді» тақырыбында кездесу өтті. Шараға ата-аналар мен оқушылар, ұстаздар қауымы қатысып, олар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, электронды сервистерді қалай пайдалану керектігін тиісті сала өкілдерінен біліп қайтты.