«Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерді практикалық тұрғыда қолдану» тақырыбында ашық сабақ » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(7274) 2-55-95
bookkeeping:
+7(7274) 2-32-87
Version for
visually impaired
» » » «Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерді практикалық тұрғыда қолдану» тақырыбында ашық сабақ
13
November
2023

«Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерді практикалық тұрғыда қолдану» тақырыбында ашық сабақ

        13.11.2023 жылын Информатика пәнінен Курманбекова Алияның 8»б» сыныбында өткізілген «Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелерді практикалық тұрғыда қолдану» тақырыбында ашық сабағы өтілді. Сабақтың мақсаты: мәліметтер форматын баптайды абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді пайдаланады, тапсырмаларды орындау үшін электрондық кестелердегі статистикалық функцияларды қолданады. Сабақ барысыныда ұйымдастырылу кезеңі жүргізілді.  Оқушыларды http://qazmath.net/  платформасы арқылы оқушылар 2 топқа бөлінді. «Абсолютті», «Салыстырмалы» топтары болды, топ атауына қарай анықтамасы айтылды. Үй тапсырмасын сұрау learningapps.org   оқу ресурсында 8-сұрақтан құрастырылған сәйкестендіру ойынымен орындалды. Оқушылар өзін-өздерін бағалау үшін арнайы гугл дискте жасалған «Креативті матрица» арқылы жүргізілді. Практикалық тапсырмаларды орындау  барысында 2-топқа күрделілігі орташа тақырып берілді. Топ ережесі де таныстырылып өтілді. Әр тапсырма барысында уақыт таймерін қосу арқылы  тапсырманың уақыты беріліп отырылды. Практикалық жұмыс аяқталғаннан кейін оқушыларға сергіту сәті «Көзге жаттығу» жасалды. Сабақты бекіту мақсатында http://onlinetestpad.com/ платформасы арқылы 10 сұрақтан тұратын тест алынды, оқушыларға нәтижені автоматты түрде шығарып беріліп, шыққан нәтижені, өздері бағалап қойды. Әр топсырма барысында оқушыларға дискриптор арқылы бағалары бағаланып, өздері бағалап отырды, соңында оқушылардың формативті бағалары шығарылды. Сабақ тартымды, өте қызықты ұйымдастырылп өтілді.