2-7 сыныптар арасындағы мектепішілік "Зерде" ғылыми зерттеу конкурсы » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(7274) 2-55-95
bookkeeping:
+7(7274) 2-32-87
Version for
visually impaired
» » » 2-7 сыныптар арасындағы мектепішілік "Зерде" ғылыми зерттеу конкурсы
09
October
2024

2-7 сыныптар арасындағы мектепішілік "Зерде" ғылыми зерттеу конкурсы

        Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінде 2-7 сынып оқушылары аралығында "Зерде" ғылыми зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі болып өтті. Байқауда 2-7 сынып аралығындағы жас зерттеушілер жаратылыстану, психология, математика, информатика бағытында ғылыми жобаларын қорғады. Зерттеу жұмыстарының өзектілігі мен оның мақсат-міндеттерімен, зерттеу тақырыбы бойынша атқарған іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, 6 «А» сынып оқушысы ЖоMarchов Ерсайын - «Қиын есептерді шешудің тиімді жолдары», ғылыми жетекшісі Э.А.Нөкеева, 
         3 «В» сынып оқушылары Бақытжанқызы  Айша - «Йогурттың адам ағзасына пайдасы мен зияны», Дүйсен  Айлин  Қайратқызы «Сиқырлы сіріңкелер»,  ғылыми жетекшісі Б.Ә.Нүсіп, 4 «В» сынып оқушысы Кабдрашева Аяжан Ержановна - «Айран құрамын сапалы талдау», ғылыми   жетекшісі Р.Ж.Алимова, 2 «Б» сынып оқушылары Кадырбек Кәусар Ермекқызы -  «Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы», 
Сетай Ханшайым Нурланқызы  - «Солақай балалардың ерекшелігі», ғылыми  жетекшісі Р.А.Мукамедиева, 7 сынып оқушысы Кенжеғалым Айзере - «Ормандағы геометрия», ғылыми жетекшісі Қарабаева Дина Бақтыбайқызы, 5 «А» сынып оқушысы  Мұханбетқали Нұрали Айдыналиұлы -  «AR және ақпарат: шынайы әлем мен виртуалды әлемді біріктіру», ғылыми жетекшісі Әбділдә Айжан Сейсенбайқызы. 
        Жас зерттеушілерге ғылым жолында сәттілік тілейміз. Талай-талай қызықты жаңалықтар ашатынына сенім білдіреміз.Тартымды зерттеу жұмыстары жалғасын тауып, үлкен еңбектерге айналсын.