Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(7274) 2-55-95
bookkeeping:
+7(7274) 2-32-87
Version for
visually impaired
28
февраль
2020

Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан, тамақтануға ерекше көңіл бөлінген. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына жұмыс қабілетінің жоғарлауына және  организмді қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
   Әсіресе,"Ұрпақ денсаулығы - ұлттың саулығы" - демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін оны назардан тыс қалдыруға болMayды. Сондықтан да, мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 08.00-17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында: бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дизенфекцияланып отырғанын бақылауда ұстап, іске асырып отырады. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгертіліп ас мәзірі мектеп басшысымен бекітіліп отырылады.Ыстық тамақтың бағасы 286 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жеміс жидектер мен көкеністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі толықтырылып тұрады. Schoolchildren мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.