"Ұшқыр ой" дебаттық клубы » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

"Ұшқыр ой" дебаттық клубы

«Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндет» ұранымен мектеп ауласын, кабинеттерін көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған «Жасыл планета» экологиялық айлық іс-шараларының жоспары негізінде өткізілген «Полиэтилен пакеттерден бас тарту мүмкін бе?» тақырыбындағы пікірсайыс сабағы


Өткізілген орны: 19.04.2022. Сағат: 11:00. Кіші АКТ залы, 57 кабинет

Мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының әрбір азаматының экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру.
  • Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; 
  • Жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
  • Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
  • Экологиялық білімді насихаттау. 

    19 сәуір мектебімізде «Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндет» ұранымен мектеп ауласын, кабинеттерін көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған «Жасыл планета» экологиялық айлық іс-шараларының жоспары негізінде «Полиэтилен пакеттерден бас тарту мүмкін бе?» тақырыбындағы пікірсайыс сабағы ұйымдастырылып өткізілді. Дебатқа   «Өзін-өзі басқару» ұйымының 9-10 сынып оқушылары қатысты. Америкалық парламенттік  формат негізінде ұйымдастырылып өткізілген пікірсайыс сабағына әлеуметтік педагог, биология пәнінің мұғалімі – Г.Жусипова мен биология пәнінің мұғалімі – Г.Кыстаубаевалар төрелік етсе, таймспикер педагог-ұйымдастырушы – М.Әбдіқадырова болды.

      Қатысушыларға тақырып берілген соң қарарлар жазуға 4 минут уақыт берілді. 

     Алғашқы болып сөз алған үкімет мүшесі – Аманбек Айерке тақырыпты ашып, полиэтилен пакеттердің шығу тарихына тоқталып өтті. Мұндай өнімдердің зиянын айта отырып, қолдану аясын шектеу туралы өз пікірімен бөлісті. 

      Оппозия лидері – Жанұзақ Саясат бұл пікірді жоққа шығарып, полиэтилендердің қолдану аясының кеңдігі мен пайдасын талдап берді. Оның пікірінше, мұндай полиэтилен заттардан арылу мүмкін емес, тек оны ыдырататын микроорганизмдермен жұмыс жасап, экологияға зиянын тигізбей қайта өңдеу және күл-қоқысты теңіз-мұхит суларына тастамау қажет деген тиімді пікір айтты. Қаламның екі ұшы болатыны сияқты кез-келген заттың пайдасы мен қатар зияны бірге жүреді. Біз, яғни адамдар, сана биігіндегі жаратылыс болғандықтан әр нәрсені өз өлшемінде қолданып, ақылмен жұмыс жасауымыз керек. Және адамзаттың бойына экологиялық тәрбиені жастайынан сіңіртіп, қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқысты бей-берекет жерге тастамауға тәрбиелеп, табиғатқа деген сүйіспеншілікті жастайынан бала бойына сіңіріп өсіру қажет деген ойын айтты. 

     Ал, премьер министр – Арын Аруана, полиэтилен пакеттерді биопакеттерге ауыстыру қажет екенін, осы саясатты кең ауқымда қолға алып, полиэтилен және бір реттік пластмасса өнімдерінің шығарылу аясы мен санын шектеу қажеттігін айтты. Осындай зиянды заттар мен ұзақ уақыт ыдырамайтын өнімдерді шағыратын зауыт-фабрикалар мен оған қажет шикізаттар көлемін азайтуды ұсынды. Халық бірреттік қолданылатын өнімдер мен пластиктерден және полиэтилендерсіз де жақсы өмір сүріп, жарқын болашақты қамтамасыз ете алатындарын тұщымды ойымен дәлелдей алды. 

     Оппозиция мүшесі – Жанатбек Амир, қарсы пікір білдіру барысында бірқатар ауқымды дәлелдер келтіріп, премьер министрдің сөздерін жоққа шығарды. Оппозияның пікірінше дәл қазіргі таңда және алдағы 15 жылда полиэтилендерден түбегейлі бас тарту мүмкін емес. 

       Дебатты   педагог-ұйымдастырушы – Әбдіқадырова Майра жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді. Оқушылардың дайындығы мен көрнекіліктері тақырыпты толықтай аша алды. Қатысушылардың бойында экологиялық тәрбие мен табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы өз мақсатына жете алды.

    Пікірсайыс нәтижесінде оппозиция лидері – Жанұзақ Саясат пен оппозиция мүшесі – Жанатбек Амир бірінші орын иеленсе, премьер министр – Арын Аруана мен үкімет мүшесі Аманбек Айерке «Ең үздік спикер» номинацияларымен мектеп директорының атынан  марапатталды.