«Әділетті Қазақстан: сапалы ұрпақ, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты білім күні » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әділетті Қазақстан: сапалы ұрпақ, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты білім күні
01
сентябрь
2023

«Әділетті Қазақстан: сапалы ұрпақ, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты білім күні

1-қыркүйек  Білім күнінің  «Мектебім – мейірім мекені», «Әділетті Қазақстан: сапалы ұрпақ, адал ұрпақ, табысты ұлт»атты    Білім күніне арналаған тәрбие сағаттары мен іс шаралардың анықтамасы. 
 Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, достық пен жауапкершілік,  бір-біріне сыйластық құндылықтарын  дарытуға мән беру.
1-қыркүйек білім күні 1,9,11  сыныптар арасында ««Әділетті Қазақстан: сапалы ұрпақ, адал ұрпақ, табысты ұлт»атты   алғашқы қонырау салтанаты түрде өтті.   Салтанатты қоңырау шымылдығын мектебіміздің Домбырашылар ансамбілі  « Ерке сылқым» күйімен ашып берді. Салтанаты қоңырауға  мектеп табылдырығын алғаш рет аттап отырған  1 сынып оқушылары мен ата аналары, 9-11 сынып оқушылары қатысты.  1 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен  бірге сыныптарын таныстырып, сынып жетекшілерінің еңбек өтілі мен жетістіктері айтылды. Сынып жетекшілер  төмендегідей бекітілді. 
1 а сынып жетекшісі  Шапайза Балжан Қалыбекқызы,
1ә сынып жетекшісі  Әлдибай Аян   Алжанбайқызы,
1 б сынып жетекшісі  Мукамедиева Раушан  Абдрахманқызы
1 в  сынып жетекшісі  Юсупова   Мақпал  Ришатқызы
1 г сынып жетекшісі  Бахиева Гульмарал Шыңғысқызы
1 д сынып жетекшісі  Сураншиева  Сания   Смаилова. 11 сыныптың үздік оқушылары  бірінші сынып оқушыларымен бірге алғашқы қоңырауды соқты.    Сынып оқушылар білім Мектеп директоры  Ы. Алтынсарын төс белгісінің иегері  Н. Оралханова   барша ұстаздар қауымын, оқушыларды, ата-аналарды  білім күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 1 сынып  оқушылары  өлеңдер оқып, мектепке, ұстаздарға деген ықылыстарын    Мектеп оқушысы   Тұрсынбек Бекәлі «Ұстазым әнін орындады. Мектеп мұғалімдерінен кезекшілік құрылып, кезекші ұстаздардың  тізімі бекітілді. 5—11 сынып  арасында   «Мектебім-мейірмандық мекені» атты челленджі  ұйымдастырылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқушылар төмендегідей тақырыпта челленджі ұйымдастырды.  «Мектепке   алғашқы қадам»,« Мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып- өмірдің жаңа кезеңі». 2-4 сынып оқушылары «Жазғы демалыстан  жарқын естелік»,»Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім», 5-8 сынп оқушылары» «Менің саяхатым»,»Менің туған өлкем», «Жазғы  демалыста мен жасаған игі іс»,9-11 сынып оқушылары «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Болашақ менің қолымда»  тақырыптарында челленджі ұйымдастырды және осы күні сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие сағатының  тақырыптары төмендегідей болды.  1 сынып оқушылары «Менің отаным - Қазақстан», 2-4 сынып оқушылары «Тілім менің тірегім», «Менің туған өлкем, 5-8 сынып оқушылары «Достығы жарасқан Қазақстан», »Сапалы білім-саналы ұрпақ,»Ұлт тағдыры- ел тағдыры»,9-11 сынып оқушылары арасында  Әділетті Қазақстан: сапалы  білім, адал ұрпақ, табысты ұлт.  Тәрбие сағаттарына мектеп әкімшілігі қатысты.  Оқушылардың челленджі мектептің сайттарына жарияланды.