Қош бол - сүйікті Әліппем! » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2022

Қош бол - сүйікті Әліппем!

Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын арттыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын ескере отырып, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
       Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқа білім сабағына енген 1 сынып оқушылары бүгін бір асудан асты, Алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасуға арналған «Рахмет саған,Әліппе! »атты  ертеңгілігіміз басталды! Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы. Осы оқулықтан білім нәрін алған балғын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырып, ата-анасының алдында алған білімдерін, сауаттылықтарын, тәрбиесін паш етті.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.-дей келе өз басым Ұстаз алдында басымды иемін. Әрбір  білікті де білгір ұстаз алдына келген оқушыға тәлім-тәрбие, білім беретіні сөссіз. Ал бастауыш сыныптарда сабақ беретін ұстаздардың еңбегін айтып-тауысу мүмкін емес. Кеше ғана тарыдай болып кірген, өмірден ешбір хабары жоқ бүлдіршіндерді   төрт айдың ішінде бұлбұл құстай сайрату, ол тек бастауыш сынып мұғалімдерінің қолынан ғана келеді.
Талғар қаласындағы  А.Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп-лицейінде биылғы оқу жылында 7 бірінші сынып бар, ол жерде-186 оқушы дәріс алуда.Мектептегі бала саны күннен-күнге өсуде. Әрбір бірінші сыныптағы мұғалімнің алдында 27-28 оқушыдан отыр.Бұл, әрине, бірінші сынып үшін өте ауыр. Бірақ біздің мектептің ұстаздарының арқасында  оқушыларымыз өздеріне тиісті білімдерін алып, ата-анамен ұстаздарын қуантып жатқандықтарын байқаймыз. 
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
      Міне, сондай ұстаздардың бірі, жас болса да ата-анамен оқушы алдында сыйлы, ұжым алдында беделді болып жүрген Нусіп Бану Әбдіғұлқызына үлкен-үлкен алғысым шексіз. Бүгінгі, яғни 20.12.2022 жылы  1 «а», «в», "е" сыныптарымен өткізген ертеңгілік жоғарғы деңгейде өтті. Әр оқушысының бойынан жақсылықтар мен білім алғандықтарын байқадық. Ұстазыма тілерім, отбасына береке-бірлік, денсаулық және басы екеу болып, әр уақытта жоғарыдан көрініп, алдындағы бүлдіршіндеріміздің аман болуын тілеймін.