Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2021

Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру

Оқушылардың мектепте болған кездеріндегі ыстық тамақпен қамтылуы олардың денсаулығын сақтауларына, жақсы оқуларына әсер етеді. Әрбір баланың лайықты тамақтануға құқығы бар екендігі Бала құқығы Конвенциясында анық көрсетілген. Жас ағзаның қалыпты өсуі мен дамуы үшін маңызды шарттардың бірі – дұрыс тамақтану. Оқушының өзіне деген  сенімділігі, оқудағы табыстары мен зейіні, тіпті есте сақтау қабілеті де нәрлі тамақтануына тығыз байланысты. Бұл орайда бірінші кезекте мектеп оқушыларының сабақ кезінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне, тағам рационының дәрумендер мен минералдық заттектерге бай болуына үлкен мән берілуі тиіс. Сондықтан, барлық  мектепте балалардың тамақтану мәселесіне ерекше назар салынған
 Оқу жылы басында комиссия мүшелері мектеп асханасының жаңа оқу жылына дайындық барысын қадағалады. Комиссия мүшелері «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық  қағидалары ҚР   Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» заңын жүзеге асыру және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес, мектеп асханасынан шығарылатын өнімнің перспективалы мәзірі және ассортименті тізбесі ас блогын пайдалануға беру кезінде және бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде Талғар қалалық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілгендігін байқады.
          «Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатындағы жұмыстар» туралы мектеп директорының   19.10.2021 жылғы №272-Ө бұйрығына сәйкес, мектеп мейірбиесі Ж. Шопанбаева мектеп асханасының жұмысын, оқушылардың дұрыс тамақтануын үнемі бақылауда ұстайды. Мектептің асхана меңгерушісі тарапынан оқушылардың тамақтануында «Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тиым салу туралы» ҚР Білім министрлігінің 30.03.2007 жылғы қаулысын әркез басшылыққа алып отырады.    
  Мектеп асханасынан оқушылардың  тамақтануы ыстық тамақ режимдері бойынша іске асады. 
           Асхананың санитарлық жағдайы, берілетін тағам мөлшері мен сапасы мектеп мейірбикесі Ж. Шопанбаева тарапынан күнделікті бақыланып, қайнақ судың даярлығы тексеріледі. Бақылау комиссиясы мүшелері айына 2 рет тексеріп, асханадағы нормалардың сақталуын бақылап отырады.
Мектеп асханасынан тамақтану бойынша сынып жетекшілер ата –аналар жиналыстарында түсінік жұмыстарын жүргізіп отырады. Оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібі бойынша сынып сағаттары өткізілді. 
Асхана жұмысын бақылау үшін арнайы комиссия мүшелері құрылды. 
Мектептегі І тоқсанның  басындағы жалпы бала саны – 1386 оқушыны қамтыды. 
Бастауыш сыныптары 1 және 4 – ші сынып оқушылары ішінде тегін ыстық тамақпен қамтылғаны жалпы – 115 оқушы.  
5  сыныптар тарапынан күнделікті бір рет берілетін тегін ыстық тамақпен жалпы – 24 оқушы қамтамасыз етілген.   
6 сыныптар –   21 оқушы;
7 сыныптар – 13 оқушы;
8 сыныптар – 8 оқушы;
9 сыныптар – 6 оқушы;
10 сыныптар – 3   оқушы;
11 сыныптар –   оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. 
Жалпы 190 оқушы бір рет тегін ыстық тамақтанады, оның 75-і 5-11 сынып оқушылары. 
Әр айда болатын ата – ана жиналысында ата – аналарға және сынып оқушыларына әр сынып жетекшісі тамақтану тәртібі, мерзімі және тамақ түрлері жайлы түсінідіріп, таныстыру шаралары жасалды. Оқушылардың дұрыс тамақтануы, қатысуы сынып жетекшілер тарапынан қадағаланады.
     Аталған оқушылардың 8 оқушы  жетім, 27 оқушы жартылай жетім, 10 оқушы аз қамтылған отбасы, жалғыз басты ана тәрбиелеп отырған 7 оқушы,  128 оқушы көп балалы отбасынан, 10 оқушы толық емес отбасынан шыққан балалар. Барлық 190 оқушының  115  оқушысы бастауыш сыныптан тамақтану кестесіне сәйкес мектеп асханасына барса, қалған  75 оқушы талонмен тамақтанады. Бір мезгіл ыстық, тегін тамақпен қамтылған оқушылар күнделікті түгендеу журналына тіркеліп отырылады. Ауырып , сабақтан себепті жағдайда қалған болса оқушылардың тегін тамақтануын қадағалау комиссия мүшелері тарапынан акт толтырылады.Талонмен тамақтанатын оқушылар да арнайы журналға белгіленіп отырылады.Тегін ыстық тамақ ішетін оқушылар мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер тарапынан қадағаланып отырады. Айта кетерлік жағдай осы тегін тамақтанатын оқушылардың құжаттарын жинауда көптеген кедергілер туындайды. Сынып жетекшілер тарапынан құжаттарды дер кезінде жинап өткізу өте төменгі деңгейде. 
 2021 - 2022 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларға ыстық тамақ беру  19 қазаннан басталды. Асхананың санитарлық жағдайы, берілетін тағам мөлшері мен сапасы мектеп мейірбикесі Ж.Шопанбаева тарапынан күнделікті бақыланып, қайнақ судың даярлығы тексеріледі. Бақылау комиссиясы мүшелері айына 2 рет тексеріп, асханадағы нормалардың сақталуын бақылап отырады.
          Мектептің бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылары денсаулықтарына байланысты сабаққа келмеген күндері, орнына  әлеуметтік аз қамтылған оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.