Мектеп асханасынан оқушылардың ыстық және тегін тамақпен қамтамасыз етілуі туралы 2019 – 2020 оқу жылына ақпарат » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасынан оқушылардың ыстық және тегін тамақпен қамтамасыз етілуі туралы 2019 – 2020 оқу жылына ақпарат
26
февраль
2021

Мектеп асханасынан оқушылардың ыстық және тегін тамақпен қамтамасыз етілуі туралы 2019 – 2020 оқу жылына ақпарат

         Елімізде мектеп оқушыларына жүргізілген дәрігерлік тексерулердің қорытындысы бойынша 72 мың 306 баланың денсаулығынан әртүрлі кінәраттар табылған. Олардың 17,5% пайызында асқазан –ішек жолдарының ауыратыны белгілі болып, жасөспірімдер арасында семіздік,  қант диабеті, қан аздық секілді сырқат түрлерінің кең етек алуын тиісті сала мамандары «дұрыс тамақтанбау салдарынан орын алып отырған мәселе» деп тауып, дабыл қағуда.Жас ағзаның қалыпты өсуі мен дамуы үшін маңызды шарттардың бірі-   салауатты тамақтану. Оқушының өзіне деген  сенімділігі, оқудағы табыстары мен зейіні, тіпті есте сақтау қабілеті де нәрлі тамақтануына тығыз байланысты. Жеткіншектің күшті де, белсенді болуы, сабағын жақсы оқуы үшін оның дер кезінде ауқаттануына, тағамның қоректілігі мен   нәрлілігіне көп көңіл аудару қажет.Бұл орайда бірінші кезекте мектеп оқушыларының сабақ кезінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне, тағам рационының дәрумендер мен минералдық заттектерге бай болуына үлкен мән берілуі тиіс. Сондықтан, барлық  мектепте балалардың тамақтану мәселесіне ерекше назар салынған. Осы орайда, 2019 - 2020 оқу жылында Жалпыға бірдей білім беру қорынан арнайы бөлінген қаржыдан жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдай төмен оқушылардың тегін тамақтануын, мектеп асханасының санитарлық жағдайын,   оқушылардың тамақтандыру ережелерінің орындалуын, тағам нормаларының сақталуын қадағалау мақсатындағы Талғар аудандық білім бөлімінің 28.08.2019 жылғы №287-Н бұйрығы негізінде мектеп директорының  02.09.2019 жылғы №141-Ө бұйрығы шығарылып, «Мектеп оқушыларының асханадан тамақтануын қадағалау» комиссиясы құрылған болатын. «Мектеп оқушыларының асханадан тамақтануын қадағалау» коммиссиясы мына төмендегі әкімшілік мүшелерінен құрылды. 

                1.Тәрбие  ісі меңгерушісі,комиссия төрайымы:  Ә.Құрманбекова 

               2. Мектеп мейірбикесі: М. Тастандиева 

               3. Педагог – ұйымдастырушы: А.Омарғалықова

               4. Әлеуметтік педагог-Д.Cырымқызы

               5. 4 «в» ата анасы А.Көпбосын 

Оқу жылы басында комиссия мүшелері мектеп асханасының жаңа оқу жылына дайындық барысын қадағалады. Комиссия мүшелері «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық  қағидалары ҚР   Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» заңын жүзеге асыру және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес, мектеп асханасынан шығарылатын өнімнің перспективалы мәзірі және ассортименті тізбесі ас блогын пайдалануға беру кезінде және бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде Талғар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілгендігін байқады.

     Сонымен қатар, «Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатындағы жұмыстар» туралы мектеп директорының   02.09.2019 жылғы №147-Ө бұйрығына сәйкес, мектеп мейірбиесі М.Тастандиева мектеп асханасының жұмысын, оқушылардың дұрыс тамақтануын үнемі бақылауда ұстайды. Мектептің асхана меңгерушісі тарапынан оқушылардың тамақтануында «Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тиым салу туралы» ҚР Білім министрлігінің 30.03.2007 жылғы қаулысын әркез басшылыққа алып отырады.    

  Мектеп асханасынан оқушылардың  тамақтануы ыстық тамақ режимдері бойынша іске асады. 

  Мектептің жалпы оқушы санының 98% асханалық режимде ыстық тамақпен қамтылса, 23 %  тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланған. Ыстық тамақ беру сабақ кестесінің 2 және 3 үзіліс кезінде кезекші сыныптың көмектесуімен ұйымдастырылады.

            2019 – 2020  оқу жылында мектеп асханасында оқушыларға ыстық тамақ беру 2 қыркүйектен басталды. Оқушылардың тамақтануы ата – аналар қаражатынан іске асырылады. Бағасы 286 теңге. Асхананың санитарлық жағдайы, берілетін тағам мөлшері мен сапасы мектеп мейірбикесі М.Тастандиева тарапынан күнделікті бақыланып, қайнақ судың даярлығы тексеріледі. Бақылау комиссиясы мүшелері айына 2 рет тексеріп, асханадағы нормалардың сақталуын бақылап отырады.

Мектеп асханасынан тамақтану бойынша сынып жетекшілер ата –аналар жиналыстарында түсінік жұмыстарын жүргізіп отырады. Оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібі бойынша сынып сағаттары өткізілді. Оқу жылының басын  1088 оқушымен басталды.

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша күнделікті асханадан 555 бала ыстық тамақпен және 95 бала тегін тамақпен қамтасыз етілді. Қалған 438 оқушы мектеп асхасынан өздеріне қажетті тағамды сатып алды.

 Жыл бойы бастауыш сынып оқушылары мына төмендегі кесте бойынша мектеп асханасынан тамақтанып отырды.

     2020-2021 оқу жылында мектебімізде   оқушылардың қашықтықтан білім алуына байланысты ыстық тамақ ұйымдастырылмады.Осы оқу жылында 80 –ге жуық оқушы ыстық тамақпен қамтылу қажет болатын.Жаңа оқу жылына оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.Шілде айында арнайы мемлекеттік  сатып алу негізінде тамақтануға байқау ұйымдастырылады.