Облыстық семинар » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2021

Облыстық семинар

       Алматы облысы Талғар қаласындағы  А.Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп ғимаратында Республикалық заңгерлер орталығының президенті Созақбайұлы Қанаттың және Талғар аудандық білім бөлімі мен Талғар ауданы Гулдала ауылындағы №21 мектебінді медиация бағытын бойынша тәжірибе ретінде қолданып отырған мектеп директоры Қ.Күшбелдекұлының бастамасымен «Мектеп медиациясы» керек пе?- деген сұрақ төңірегінде   аудандық семинар өтті.
         Семинарға арнайы облыстық,республикалық жауапты мамандар, аудан прокуратурасы, заңгерлер, психологтар, медиатор мамандары және тәжірибе  ретінде 3 жыл бойын мектеп қабырғасында қолданып, жақсы нәтижелерге жетіп отырған №21 мектеп психолігі Э.Нұртаевна , ата-аналар комиттеті және жауапты оқушылар қатысты.
        Оқушылар арасында құқық бұзушылық пен әлімжеттілік кеңінен тамыр жайған күрделі мәселе. Өзектілігі өшпеген мәселелерге тоқтау салу мақсатында «Мектеп медиациясы» қолға алынып, қолдауға ие болса жақсы болар еді.  Медиация – бүгінгі күннің маңызды трендіне айналған. Медиатор – тәрбиеге мән беретін тәуелсіз тұлға. Медиацияға қатысушы тараптар медиатордың тәжірибесіне, білімі мен іскерлігіне жүгіне отырып, оңтайлы шешім таба алады. Барлық ынталы тараптармен ынтымақтаса әрекет етіп жүрген заманауи білім ошақтары білім беріп қана қоймай, тұлға ретінде тәрбиелеп шығаруы парыз. Білім деген теңіздің айдынында ауқымды мәселені ақылмен шешу қажет. Ежелден-ақ, тоқсан рулы елдің мәселесін тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, төрелігін айтатын дана халықтың ұрпағымыз. 
          Кәсіби медиаторлар ата-аналарға, мектеп психологтары мен тәрбие ісінің мамандарына даулар мен кикілжіңдердің алдын алуда өз септігін тигізуде. Мектеп тәрбиесіндегі қисыны қиын мәселелердің шешілуіне тың бастама мен жаңа бір серпін алып келді. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғап, дауды сотқа жеткізбеу үшін қолға алынған бастама.
        – Шын мәнінде, медиация – бұл «Не істеу керек?», басты мәселе «Кім кінәлі?» деген сауалдарға жауап алу. Медиацияның дауларды шешудің басқа тәсілдерінен негізгі айырмашылығы ол тараптардың әрқайсысын ұйымдастыратын және олар үшін бірдей тиімді болатын жанжалдың шешімін табуға көмектеседі. Бұл ең алдымен қақтығыстарды реттеу технологиясының, процедураны өткізу қағидалары мен ережелерін сақтау есебінен шешіледі. Медиатор осы дауда тәуелсіз және бейтарап адам болып қана қоймай, арнайы білімі бар, қажетті дайындықтан өткен маман саналады. Медиатордың міндеті – екі тараптың мүдделеріне жауап беретін өзара қолайлы шешім жасауға көмектесу. 
       Дауласқандар бір-бірінің себептері мен мүдделерін жақсы түсінеді, бірақ мойындағысы келмейді. Соны мойындату, келеңсіздікті шешу барысында медиацияның маңызы мол деп білемін. Тәрбие – отбасыдан бастау алатындықтан, отбасылық мәселелерді де шешу кезінде сөзсіз маңызды. Сондай-ақ, белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаның дамуына қолайлы қауіпсіз орта құру, жанжалдағы конструктивті мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу – мектеп медиациясының мақсаты. Медиатордың жұмысы бұзылған немесе деформацияланған коммуникацияға түзету жүргізу, тараптардың өздерін және басқаларды түсінуі үшін жағдай жасау. Қарым-қатынас сапасына білім сапасы да байланысты. Сондықтан, «мектеп медиациясы» әдісінің негіздерінің бірі оң қарым-қатынас құру.
    – Медиатордың жұмысын кәсіби негізде жүзеге асыру үшін адамның жоғары білімі, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу оқығанын растайтын сертификаты, кәсіби медиаторлар тізіліміне енгізілген  сауатты маман болу керек .
      Кішігірім қылмыстар орын алған жағдайда немесе екі адам ренжісіп қалса, біреудің меншігін біреу ұрлап жаза басқан жағдайда медиация көмекке келеді. Сонымен қатар пендешілікке салынып біреуге байқамай балағат сөз айтып, намысына тиіп, моральды тұрғыдан зиян келтіруі мүмкін. Ашу үстінде аңдамай ауыр сөз айту оңай, екінші адамның көңіліне кірбің түсетіні хақ. Көп жағдайда біз бір-бірімізді жете түсіне бермейміз. Кейде екі адам бір нәрсе туралы айтып отырса да, бір-бірінің көзқарасын ұқпайды. Бейне бір әр түрлі тілде сөйлеп жатқан адамдар сияқты. Осындай кезде түсініспеушіліктен, ұғыныспаушылықтан құтқаратын бір нәрсе бар. Ол – медиация процесі.        
        Медиацияны  білім  беру-тәрбиелеу  процесіне  ендірудің  маңызы  зор.  Медиация  мек-тепке   не үшін   қажет?   Барлық   ынталы   тараптармен   ынтымақтаса   жұмыс жүргізіп отырған қазіргі заманғы мектеп балаға білім берумен қатар, оны толық жетілген тұлға ретінде тәриелеп шығаруды да алдына міндет етіп қойып отыр. Кез келген қауымдастық қызметі секілді мектепте де оқыту және тәрбиелеу процесіне байланысты бұл процеске қатысушылар арасында қайшылықтар туындап отырады. Ол қайшылықтар мүдделер мен мақсаттар қақтығысының көрінісі болып табылады. Ұзаққа созылған қайшылықтар білім беру процесі мен тұлға аралық өзара қарым-қатынастарға кері әсер етеді. Оның салдары негативті жәйттерге әкеліп соқтырады. Оқу-тәрбие процесіне зиянды ықпалын тигізеді. Медиацияны қолданысқа ендіру мәселесінің өзіндік бір ерекшелігі бар. Мұнда қайшылықты жағдайларды реттеу ісі тек кәсіпқой мамандарға ғана сеніп тапсырылады. Қазіргі сәтте білім беру  ұйымдары  бойынша  бұл  проблемамен директордың
  тәрбие  жұмыстары  жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілерінен бастап, психолог, әлеуметтік педагог және кәмелетке толмағандар  ісі  жөніндегі  бөлім  инспекторына  дейін  әр  түрлі  
адамдар  шұғылданады. Бұлардың конфликтология туралы ілімнен белгілі бір дәрежеде хабары бар екені анық.    
Әрине,  проблемалық  жәйттер  шешіліп  те  жатыр.  Бірақ,  олардың  реттеуінде  екі  жақты мүдделер бірдей есепке алына қояр ма екен? Медиация процесі қайшылықты жағдайға түскен тараптардың өзара келісімге қол жеткізуін бағдар тұтады.
      Құқық  бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы мамандырылған медиатор мамандары  білім саласы үшін өте қажет маман.