Мектеп директоры » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2021

Мектеп директоры


Оралханова Нуржан Оралхановна
Туған жылы: 31 қаңтар 1973 жыл
Ұлты: қазақ
Лауазымы: Мектеп директоры, 2020ж
Еңбек өтілі: 27 жыл
Басшылық қызметтегі өтілі:  19 жыл
Білімі: жоғары
       1979-89 жылдары Бақалы ауылындағы   Н.В. Гоголь атындағы орта мектепті бітірді. 1989 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына түсіп, 1994 жылы Алматы мемлекеттік Университетінің филология  факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алды. 1994 жылы Алматы облысы Сарқант ауданы Бақалы ауылындағы Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастаған.

     01.09.2000 ж -30.11.2002 ж аралығында Алматы қаласы,Түркісов ауданы №59 орта мектепте қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі,

      02.12.2002 ж- 30.08.2003 ж - Талғар қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,

     01.09.2003 ж- 16.02.2020 ж - Алматы облысы Талғар аудандық білім бөліміндегі әдістеме кабинетінің меңгерушісі, аудандық білім бөліміндегі әдістеме кабинетінің әдіскері, Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы, аудандық білім бөліміндегі оқу секторының меңгерушісі, білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды 

2020 жылдың 17 ақпанынан    бастап  Талғар қаласындағы Елбасының   «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы   бойынша салынған  «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі» мемлекеттік  коммуналдық  мекемесінің мектеп  директоры   болып қызметін атқаруда.

Нуржан Оралханқызы  жас   ұрпаққа сапалы білім беруде мен ұжымда мүшелеріне бағыт – бағдар беру мақсатында «Озық педагогикалық тәжірибені қолдана отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, заманауи әдістемелер мен технологияларды ендіру арқылы нәтижелі білім сапасына қол жеткізу» мәселелік тақырып аясында жұмыс жасап келеді.

      Көп жылдық еңбегі мен тәжірибесінің арқасында Нуржан Оралханқызы бала тұлғасының рухани және жеке мүмкіндіктерін ашу жолында оқытудың үздік әдіс тәсілдерін қолдана отырып, бала бойына білім мазмұнының міндетті деңгейін меңгерте отырып оқушы тұлғасын үйлесімді дамыту: өзіне, өз еліне, игілігіне деген жауапкершілікті, төзімділікті, әлеуметтік белсенділікті, компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікті қалыптастыру жолына мақсат қойып жеке тұлғаның саналы да сапалы білім алуына, әлеуметтенуіне, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтауына жағдай жасауда аянбай еңбек етіп келеді.

      Нуржан Оралхановна білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін төмендегі төсбелгі, ҚР-ң білім және ғылым министрінің, облыс білім басқармасының, аудан, қала әкімдерінің алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен  марапатталған:

12019 жылы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі медаль

2. 2016 жылы, «ҚР-ң Тәуелсіздігіне25 жыл» мерекелік медалі

3. Министрліктің, облыстық білім басқармасының марапаттаулары  

 Нуржан Оралханқызы  педагогикалық ұжымының, ата-аналардың, оқушылардың сый құрметіне ие болып жүрген,   мақсаты мен бағыты айқын нәтижеге жету жолды дұрыс таңдай білетін, оқу – тәрбие барысын жаңа өмір талабымен байланыстыра отырып жүргізетін басшы.