Аймақтық "Үздік сынып жетекші - 2022" байқауы » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аймақтық "Үздік сынып жетекші - 2022" байқауы
11
апрель
2022

Аймақтық "Үздік сынып жетекші - 2022" байқауы

      11 сәуір күні Талғар аймақтық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 49, 16, 36, 38, 42, 44 мектеп арасында "Үздік сынып жетекші-2022" байқауы ұйымдастырылып өткізілді.  Байқаудың мақсаты: Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің  құзырлығын  дамыту  мақсатында    ұйымдастырылып    отыр. Кәсіби   деңгейі жоғары, шығармашыл   және     талантты тұлғаны анықтау, сыныптың   тәрбиелік   тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық  идеяларын   көрсету болып табылады. Яғни, сынып жетекшінің педагогикалық    тәжірибесі   осы  тұрғыдан   анықталады.

      Бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып  қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін сынып жетекші. Сынып жетекші дегеніміз кім? Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог


    "Үздік сынып жетекші-2022 жыл" байқауының  шарттары:

1. Презентация   " Мен және менің сыныбым" (3 мин)            

2. Авторлық   жоба  (3 мин) 

3. Портфолио 

4. "Балалар жылына" байланысты , ашық тәрбие сағаты  (5 мин (видеосабақ))

5. Ситуациялық жағдайлар сұрақ жауап                                                                       


  Әділқазылар алқасы: 

1.  Аудандық   оқушылар үйінің  жетекшісі  Ақылбекова   Қарлығаш

2. №20 орта  мектептің  тәрбие   ісінің орынбасары  Иисова  Қарлыға   Қажыкеновна

3. №31  орта   мектептің  тәрбие  ісінің орынбасары  Чумакова Гулбану  Дәукеновна


      Байқау нәтижесі бойынша біздің мектебімізден физик пәні мұғалімі, 9 "Б" сынып жетекшісі Есімжан Жазира қатысып, жүлделі 3-орынмен мараптталды.