Ашық сабақтар тізбесі » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
январь
2024

Ашық сабақтар тізбесі

      5”Ә” сыныбында дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ болды, пән мұғалімі Болатбаев А.Н.
Тақырыбы” Баскетбол” Сабақтың құрылымы жақсы құрылған. Сабақ барысында оқушылар бірі екіншісіне ұқсамайтын әр түрлі жаттығулар жасады. Мұғалім оқушылармен тығыз байланыс жасай отырып, жоғары деңгейде ашық сабақ берді. Мұғалімнің сынып оқушыларымен бірдей формада болуы, әр сабақтың элементтерін ойластыруының өзі мұғалімнің шеберлігін көрсетті. Сонымен қатар сабақта ұлттық құндылықтардыңда элементтерін көре алдық. Оқушылар сабақта өте белсенді болды.

      5”А” сыныбында “ Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар” атты көркем еңбек пәнінен ашық сабақ өтті, пән мұғалімі Нәшірбек Ақмарал. Сабақ жоспары жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылған. Сабақта “Ой ашар”, “Серпілген сауал”, “Торт тілімі” әдістері қолданылды. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде пән мұғалімі алдын ала дайындалған видеоматериал арқылы уақытты тиімді пайдалаланды. Практикалық жұмыс болды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын сабақта байқай алдық, сабақта жеке жұмыс формасы көбірек орын алды.


       7”Ә” сыныбымен Шамуратова Салтанат “Волейбол доптарымен арнайы жаттығуларды орындау” тақырыбында ашық сабақ өтті.  Сабақта 5 түрлі жаттығу түрлері көрсетілді. Қыздар мен ұлдар арасындағы волейбол ойындарының ерекшеліктері түсіндірілді. Балалардың сабақта белсенділіктері жақсы, сабақта волейбол ойынына қыздардың икемдерінің бар екендіктерін байқадық. Мұғалімнің тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.

   
     4”В” сыныбымен “ Қозғалмалы ойындар, спорттық элементтер” тақырыбында Беков Олжас ашық сабақ өтті. Сабақта сынып екі топқа бөлініп, командалық жарыс формасында қызықты өтті. Балалардың жеңіске деген ұмтылыстары сабақтың қызықты өтуіне әсерін көрсетті. Сабақ тартымды, жақсы өтті. 

    6”А” сыныбымен Нағметов Бақытбек ағай “Баскетбол допты кедергілерден алып жүру” атты ашық сабақ өтті. Сабақтың тығыздығы жоғары. Сабақта пас беру, допты лақтыру техникасын үйрету, командада жұмыс жасау, кедергілерден оңай өту жолдары толықтай балаларға көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақта оқушылар өте белсенді болды. Осы сыныпта баскетбол ойынан аудандық лигада жеңімпаз болған оқушылардың бар екенін байқадық. Бұл пән мұғалімінің еңбек нәтижесінің көрінісі. Сабақта оқушылар өте белсенді болды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.