КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2023

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

"Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтарға бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын жариялайды.
2022-2023 оқу жылын конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау 2023 жылдың 11 қаңтарынан  басталып 7 жұмыс күнін құрайды. Құжаттар қабылдау 18 қаңтар күні аяқталады.
Конкурс Қазақстан Республмикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос және уақытша бос орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің ресми сайтына (7-talgar.mektebi.kz) жарияланады.
Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
Логопед (негізгі)- бірлік жүктеме
Дефектолог (негізгі) - бірлік жүктеме
Орыс тілі мен әдебиеті пәні (2 негізгі)  - 2 жүктемелік 
 Бастауыш сынып мұғалімі (1 негізгі) – бірлік жүктемелік
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік анаты болмаған жағдайда және жоғарғы оқу орны мен кәсіптік  оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілікті тестілеу сертификаты болу міндетті;
      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
16 тамыздан бастапмектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурс өткізілетін орын: "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі" КММ 5 кабинеті
Мекеменің мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Ғ.Мүсірепов 57, "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі" КММ, Анықтама байланыс телефоны: 8 (72 774) 2-55-95

Похожие публикации:

01 апрель 2021 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!