Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! ! ! » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2023

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! ! !


 
  2023-2024 ОҚУ  ЖЫЛЫНА 1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
2023 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІР МЕН 1 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІНДІГІН ХАБАРЛАЙДЫ!!!


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (2021 жылдың 03 маусымындағы №275 бұйрығымен өзгерістен енгізілген) сәйкес жүзеге асырылады.
1-сыныпқа 6 жастағы балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. 1- сыныпқа қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады. Ол үшін  https://gu.almobl.kz/ және www.egov.kz « “Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруге болады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылдың   01 сәуірінен 01 тамызына дейін қызметін пайдалану қажет.

Электрондық өтініш беру үшін
•    Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының біреуінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) байланыс деректерін толтыру ;
•    Ата-ана мен бала туралы ақпаратты келесі құжаттардың электронды көшірмесімен толтырыңыз
•    дәрігерлік-консультациялық қорытындысы (Ф-026у-3 нысаны денсаулық паспорты негізінде тіркелген жеріндегі емханада беріледі)
•    3*4 сандық фотосуреті
•    педагогикалық-медициналық-психологиялық  комиссияның қорытындысы (болған жағдайда)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 күн ішінде құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу қажет

Мектепке келгенде тапсырылатын құжаттар тізімі:
•    Баланың заңды өкілдерінің өтініші (құжаттардың толық пакетін тапсыру кезінде, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың болуы қажет (сәйкестендіру мақсатында);
•    дәрігерлік-консультациялық қорытындысы (Ф-026у-3);
•    екпе картасы  (Ф-065/у);
•    2 дана 3х4 фотосуреті
Құжаттарды қабылдаудан қандай жағдайда бас тартылады?
•    көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған жағдайда;
•    көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының сәйкес келмеген кезінде;
•    сынып-жинақталымының шамадан тыс толық болған кезінде.

Похожие публикации:

01 апрель 2021 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!