1 Маусым - Балаларды қорғау күні » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Маусым - Балаларды қорғау күні
01
июнь
2021

1 Маусым - Балаларды қорғау күні

"Бекітемін"
Мектеп директоры
                          Н.Оралханова

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі "Бақытты бала - бақытты ел" Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шара жоспары

      Мақсаты: Елімізде балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру, орталық және жергілікті деңгейлерде балалның құқытарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу, балалрға құрметпен және қамқорлықпен қарау.
Іс-шараның атауы
жұмыс түрі
орындалу мерзімі
жауапты орындаушы
1
"Бала - бақыт, көп бала - одан да көп бақыт" бақытты көп балалы отбасылар туралы бейнеролик дайындау
бейнеролик (онлайн)
20 мамыр - 1 маусым
4-5 сынып жетекшілер
2
"Нұрлы жол - болашаққа бастар жол!"еңбек ардагерлерімен онлайн сұхбат20 мамыр - 20 маусым аралығыА.Тлеугазина 
Р.Алимова
В.Асылжанқызы
Н.Шулгаубаева
3
"Құқықтық күзет" мектеп инспекторы Р.Алдабергеновпен кездесуонлайн семинар-кеңес20 мамыр - 20 маусымА.Абдикалыкова
А.Омаргалыкова
4"Балаға мейірімді өлке" флешмоб ұйымдастырушара1 маусым2 сынып жетекшілер
5Асфальтта сурет салушара1 маусым1 сынып жетекшілер
6"Таңғажайып әлем" (балалар дизайнерлік киімдерінің онлайн көрсетілімі) ұйымдастыру онлайн көрсетілім20 мамыр - 20 маусым аралығы3 сынып жетекшілер
7"Кітап әлемінде" сүйікті кітаптарды талқылауонлайн көрсетілім1 маусымГ.Қисықова
Ж.Тастамбаева
8Спорттық жарыстаржарыс8 маусымдене шынықтыру пәні мұғалімдері
9"Мейірімділік - балаларға" (жетім балаларға, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы)қайырымдылық акциясы25 мамыр - 20 маусымәлеуметтік педагог Г.Жусипова
10"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"онлайн кеңес1 маусымсынып жетекшілер
11"Қауіпсіз жаз - 2021"онлайн сынып сағаттары19.06.2021сынып жетекшілер

Педагог-ұйымдастырушы А.Омарғалықова

5 "ә" сыныбының "Тұрлыбек әулетінің" бейнролигі
"Нұрлыбай әулетінің" бейнеролигі
"Тұрсынжан әулетінің" бейнеролигі​​​
"Нұрлы жол - болашаққа бастар жол!" бағыты бойынша еңбек ардагерлерімен кездесу




















"Таңғажайып әлем" бағытында балалардың дизайнерлік өнері







3А сынып: Адильбекова Айсель, сынып жетекшісі Тобажанова Алия
3Б сынып: Бахытжан Әділет, Накен Раяна, сынып жетекшісі Селимбаева Қарлығаш
3В сынып: Жандосқызы Жания, сынып жетекшісі Нүсіп Бану
3Г сынып: Пушпан Тамирис, сынып жетекшісі Мамырбаева Майгуль 

"Кітап әлемінде" сүйікті кітаптарды талқылау сәтінен







Асфальтта сурет салу бағыты





Спорттық жарыстар







«Бақытты бала –бақытты ел»  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген іс-шараның анықтамасы. 

Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген іс-шараға бастауыш сынып оқушылары мен мектеп фойесінде сағат 10 00 да басталды.Бұл іс-шараның мақсаты : елімізде балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік құрылымдардың , қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың , бизнес-топтардың , БАҚ –тың күш-жігерін біріктіру, орталық және жергілікті деңгейлерде баланың құқықтарын насихаттау және қорғау , балалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу , балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарау болып табылады. «Бақытты бала –бақытты ел» іс-шара жоспары   педагог-ұйымдастырушы :А.Омаргалыкова тарапынан жасалып, мектеп директорымен бекітілді.Жоспарға сәйкес «Бала деген бір бақыт» мерекелік іс шара бастауыш сынып жетекшілерімен ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанаты мектеп директоры: Н.Оралханова алғы сөзімен бастады. Іс –шара басы «Бала-бақыт ,  көп бала –одан да көп бақыт» бақытты көп балалы отбасылар туралы бейнеролик дайындалды.5 ә сыныптан Тұрлыбек әулеті  5г сыныптан Нұрлыбай әулеті  жасаған бейнеролик фейсбук пен мектеп сайтында жарияланды.Мерекелік шарада  4 сынып оқушылары өлең шумақтарымен бөлісті.Сондай –ақ  1 ә сынып оқушысы :Нұрмағамбет Жасминнің «Топ-топ балақай» әні, 2 ә сынып оқушысы :Тауфик Жамилия «Бақытты бала»  тақырыбындағы ән-шашуларын ортаға салды. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атауымен «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында еңбек ардагері ,20-дан астам әннің авторы, 2007 жылдан бастап Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры : Камнұр Тәлімұлы мен кездесу өтті. «Құқықтық күзет» бағытында мектеп инспекторы : Алдабергенов Руслан оқушыларға жазғы демалыс уақытында мектеп оқушысынан талап етілетін тәртіп ережелерімен таныстырды.Жазғы уақытта суға шомылу ережелеріне тоқталды. «Таңғажайып әлем» бағытында  балалар   өздерінің дизайнерлік өнерлерін ортаға салды, бүлдіршіндеріміз асфальтта сурет салды. «Кітап әлемінде» сүйікті кітаптарын мектеп кітапханашысы :Г.Қисықова тарапынан талқыланды. Спорт әлемі бағытында дене шынықтыру мұғалімдері оқушылармен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Бала қауіпсіздігі бағыты бойынша  сынып жетекшілер «Қауіпсіз жаз -2021» онлайн сынып сағатын өткізді. Шара соңында «Балаға мейірімді өлке» флеш-моб арқылы аяқталды.Сөз соңында педагог-ұйымдастырушы : А. Омаргалыкова   бүлдіршіндерді тағы да  меркемен құттықтай отырып,балаларды қорғау дегеніміз –әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз екендігін атап өтті.  

Педагог-ұйымдастырушы : А. Омаргалыкова