15 Ақпан - Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 Ақпан - Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
16
февраль
2022

15 Ақпан - Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

1979 жылы 25 желтоқсанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізеді. 1989 жылы бұл қырғи-қабақ соғыс аяқталып, 15 ақпанында барлық сарбаздар Ауған жерінен шығарылды. Қазақ жерінен Ауғанстанға 22 269 сарбаз жіберілген. Олардың 920-ы майдан даласында опат болса, 21 сарбаз із-түзсіз жоғалып, 1015 жас елге мүгедек болып оралған. Осылай 17-18 жастағы өрімдей боздақтар Ауған соғысында жазықсыз құрбан болып кете барды. 
         Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлтекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Мұнда қаншама жас қыршынан қиылып, қаншасы 
мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті- бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие- Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.
1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскерге аттанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама!
Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер... 
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.
          Міне, осындай іс-шара Талғар қаласындағы №7 мектеп лицей ғимаратында «Ауғанның отты жалыны» атты іс-шарамыз Кеңес әскерінің Ауғаныста жерінен шығарылғанына 33 толуына орай өткізілді. Іс-шараға арнайы қонақтар шақырылып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді. Келген қонақтармыз   Мамытбаев Тоқтағұл Нүсіпжанұлы мен Кашимов Сержан Сәрсенбіұлына сөз беріліп, ардагерлеріміз ауған соғыс жылдарындағы адамның денесі түршігетіндей аяусыз оқиғаларды айтқанда, көрермендердің көңілдері босап,  еріксіз аққан  көз жастары байқалды.