Мектепішілік "Мен жастарға сенемін!" тақырыбында ұйымдастырылып өткізілген "Мағжан оқулары" » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік "Мен жастарға сенемін!" тақырыбында ұйымдастырылып өткізілген "Мағжан оқулары"
07
апрель
2022

Мектепішілік "Мен жастарға сенемін!" тақырыбында ұйымдастырылып өткізілген "Мағжан оқулары"

"Мен жастарға сенемін" мектепішілік Мағжан оқулары
       Байқаудың мақсаты: Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету.
      Мақсат негізінде 7 сәуір күні мектепішілік "Мағжан оқулары" ұйымдастырылып өткізілді. Мағжан оқулары 2 кезеңнен тұрды. 
    1. "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" - Мағжан шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу
    2. "Ақын да бір бала ғой Айға ұмтылған" - жас дарындар конкурсы. (Сайыскер өз шығармашылығын орындайды)
Әділ қазылар алқасы:
 Мектеп директоры - Оралханова Нұржан
Қазақ тілі пәні мұғалімі - Дәрменқұлова Ғалия
Қазақ тілі пәні мұғалімі - Бейсембина Марфуға
    Оқуға 6-9 сынып оқушылары қатысты. Мәнерлеп оқу кезеңі бойынша - 17 оқушы қатысты. Ақынға арнау бойынша - 3 оқушы  қатысты. 
    Шараның мектеп директоры Нұржан Оралханова оқушыларға сәттілік тілеп, ашып берді. Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
   Нәтижесінде:
  Мәнерлеп оқу бойынша:
  Бас жүлде - 7 "ә"  сынып оқушысы  Фархатұлы Арслан
  1-орын - 8 "ә" сынып оқушысы Құлжабек Айша
  2-орын - 7 "б" сынып оқушысы Досанқызы Айнара
  2-орын - 8 "в" сынып оқушысы Тұрлыбек Ақерке
  3-орын - 6 "б" сынып оқушысы Назар Мағжан
  3-орын - 7 "ә" сынып оқушысы Әскерқызы Інжу
  3-орын - 7 "б" сынып оқушысы Бегланқызы Жұлдыз
    
 Ақындық бағыты бойынша:
 Бас жүлде - 8 "б" сынып оқушысы Орыналиева Муниса 
 1- орын - 6 "б" сынып оқушысы Айдынқызы Кәусар
 2-орын - 6 "г" сынып оқушысы Нұрлыбай Ерасыл
     Әділ қазы алқасының шешімімен аудандық "Мағжан оқуларына" мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 7 "ә" сынып оқушысы Фархатұлы Арслан, ақындық номинациясы бойынша 8 "б" сынып оқушысы Орыналиева Муниса жолданды
      11 сәуір күнгі өткен аудандық "Мағжан оқулары" байқауында  Фархатұлы Арслан жүлделі 2-орынмен мараптталды.