Мектепішілік "Абай-Шәкәрім оқулары" » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік "Абай-Шәкәрім оқулары"
13
апрель
2022

Мектепішілік "Абай-Шәкәрім оқулары"

"Абай-Шәкәрім оқулары"

 Мектепішілік 6-9 сыныптар арасында өткізілетін Абай оқуларының мақсаттары мен міндеттері:
- мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау;
- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
1.1. Мектепішілік Абай оқулары 3 кезең бойынша өткізілді:
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы. (бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды).
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады
 осы мақсатта 13 сәуір күні мектепішілік "Абай-Шәкәрім оқулыра" 6-9 сыныптар арасында ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға: 6- сыныптардан - 5 оқушы
7- сыныптардан - 9 оқушы
8 сыныптардан - 4 оқушы қатысты.
 Мәнерлеп оқу барысында оқушылардың сөйлеу мәнері мен анықтығы, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең сезіну параметрлері бойынша бағаланды
 Әділ-қазылар алқасы: мектеп директоры - Нұржан Оралханова
 тәрбие орынбасары - Алия Курманбекова
 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Марфуға Бейсембина
 Байқау нәтижесі бойынша:
Мәнерлеп оқудан:
1-орын - 8 "а" сынып оқушысы Алтынбекқызы Гүлім
2-орын - 8 "ә" сынып оқушысы Құлжабек Айша
 7 "б" сынып оқушысы Бегланқызы Жұлдыз
3-орын - 7 "ә" сынып оқушысы Аскер Інжу
 7 "б" сынып оқушысы Досанқызы Айнара
 6 "б" сынып оқушысы Әбдібек Айзере

Абайдың қара сөздері бойынша:
1-орын - Сейсен Әзина
2-орын - Құдайберген Айбын иеленді.