Жас мамандар апталығы » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2023

Жас мамандар апталығы

А.Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін орта мектеп лицейі

Жас мамандар апталығының анықтамасы

     2022-2023 оқу жылының сәуір айының 10-15 аралығында «Болашаққа бастайтын  жас маман» атты мектептің жас ұстаздар апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: жас мұғалімдердің білімі мен дағдысын үнемі дамытып отыру қажеттілігін қалыптастыру, оқушылардың арасында дарынды балаларды анықтау.

      Апталықтың жоспары алдын ала құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

     Апталықтың ашылуы салтанатты түрде 10-шы сәуір күні болды.  Оның жүргізушілері Бақытәлі Айдана мен Төлеков Таласбек   қоғамымыздың ертеңгі айнасы болар жас ұрпақты тәрбиелеу үшін мұғалім қандай болу керек екенін айтып, жас мамандар осы мақсатта ұжымдастарының, мектеп әкімшілігі алдында ұстаз деген киелі атқа кір келтірмеуге; ұжымдастар арасында сыйластықты жоғары қоюға, сабақты сапалы өткізуге, адал қызмет жасауға дегендей т. б. уәде беру сәтімен, музыкалық номерлерімен қызықты да тартымды ғып өткізді.   

 

Жас мамандар «Бақыт деген не...»  атты көрініс көрсетуде.


 Апталықтың 2-ші күні 5-6, 7-8 сынып оқушыларының арасында «Үздік оқушы – 2023» интеллектуалдық жарысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Өз отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

 5-6 сынып оқушылары арасында өткізген жас мамандар Сатыбалдина Қ., Алиханова Қ., Бақытәлі А. 5-6 сынып оқушылары арасында үздік оқушыны анықтау мақсатында «Үздік оқушы 2023» байқауы өткізілді. Байқау барысы жоғары деңгейде, жарыспалы түрде өтті. Пәндер бойынша білімдері молайып, оқушылар жан-жақты ізденді, ізденімпаздық әлеуеті артты. Оқушылар шапшаңдыққа, ойын тиянақты жинақтауға, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренді.


                                        Байқау нәтижесі бойынша 5-6 сыныптар арасында Азаматұлы Адлен 

    6 «В» сынып оқушысы «Үздік оқушы-2023» атанды.

Мектебіміздің сен тұр мен айтайын дейтін, бетке ұстар кілең қаймақтары, қатысқан 5-6 сынып оқушылары: Құтмағамбет Айзере 5 «г», Тайлан Інжу 5 «в», Адильбекова Айсель 5 «а», Мырзасадық Аруай 5 «ә», Назар Арай 5 «б», Азаматұлы Адлен 6 «а», Асан Арайлым 6 «ә», Тлеужанқызы Аружан 6 «б», Зауранбек Ерсұлтан 6 «в», Даниярқызы Арай 6«г», Абай Аруна 6 «д» сынып оқушысы. 

          Байқау нәтижесі бойынша 5-6 сыныптар арасында Азаматұлы Адлен 

«В» сынып оқушысы «үздік оқушы» атанды. Мырзасадық Аруай 5 «ә» сынып оқушысы І орын, Құтмағамбет Айзере 5 «г», Тайлан Інжу 5 «в» сынып оқушысы ІІ орын, Асан Арайлым 6 «ә», Назар Арай 5 «б», Абай Аруна 6 «д» сынып оқушысы ІІІ орын иеленді.

7-8 сынып оқушылары арасынан, «Мен үздікпін»  дегендерден сайысқа 7 А сыныбынан Надирбек Алихан, 7 Ә сыныбынан Абай Дәрия, 7 Б сыныбынан Назар Мағжан, 7 В сыныбынан Тұрсынтай Махамбет, 7 Г сыныбынан Бексұлтан Зарина, 7 Д сыныбынан Мухамеджан Диана, 8 А сыныбынан Оразхан Нұрислам, 8 Ә сыныбынан Бақытжан Алихан, 8 Б сыныбынан Баймолда Алия, 8 В сыныбынан Черызат Құралай қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезең сайын ұпайы аз оқушылар ойыннан шығарылып отырды. 

                                              Бас жүлдені 7 Б сыныбының оқушысы Назар Мағжан иеленді. 

1 орынды 8 Б сынып оқушысы Баймолда Алия, 2 орынды Бақытжан Алихан, Надирбек Алихан, 3 орынды Бексұлтан Зарина, Тұрсынтай Махамбет, Черызат Құралай иеленді.   Бас жүлдені 7 Б сыныбының оқушысы Назар Мағжан иеленді.

     9-11 сынып білім алушылары арасында 12.04. күні өткен «Үздік оқушы – 2023» интеллектуалдық жарысына  қатысқан оқушылар: Касен Бекарыс 9 «в», Ерланқызы Жәния 9 «Б», Еңкебай Әмина 9 «Ә», Бақытжанқызы Жәмиля 9 «А», Муса Альмухаммед 10 «Ә», Жанұзақ Саясат 10 «А», Беделхан Айым 10 «Б», Бейсенбек Алмас 11 «А», Еркінқызы Айгерім 11 «Ә». 


                                              Ұйымдастырушы мұғалімдер Амандурлиев Б.М., Құдайбергенова М.А.

                                                              Байқау нәтижесі бойынша 9-11 сыныптар арасында 

                                                         Бейсенбек Алмас «Үздік оқушы-2023» атанды


11 «А» сынып оқушысы Бейсенбек Алмас «Үздік оқушы-2023» атанып, бас жүлдені иеленді. Жанұзақ Саясат 10 «А» сынып оқушысы І орын, Муса Альмухаммед 10 «Ә», Еркінқызы Айгерім 11 «Ә» сынып оқушылары ІІ орын, Ерланқызы Жәния,  9 «Б», Еңкебай Әмина 9 «Ә», сынып оқушысы ІІІ орын иеленді.

13 сәуір күні жеке оқушылармен өткен сайыстармен қатар 8-сыныптар арасында «Тапқыр сынып» сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсатыоқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Сайысқа: 

8 «А» сыныбынан Сұлтан Асанәлі, Оразхан Нұрислам, Жолдыбай Мерей. 

8 «Ә» сыныбынан Әскер Інжу, Тамаша Аружан, Шаймұрат Толғанай.  

8 «Б» сыныбынан Бегланқызы Жұлдыз, Баймолда Әлия, Досанқызы Айнара. 

8 «В» сыныбынан Дәнерқызы Аружан, Жаңабай Жанель, Жұмағали Іңкәр қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Әр кезең белгіленген ұпаймен бағаланды, сайыс соңында ұпайы көп сынып жеңіске жетті. 





Бас жүлдені 8 «Ә» сыныбы иеленді. 1 орынды 8 «А» сыныбы, 2 орынды 8 «Б» сыныбы, 3 орынды 8 «В» сыныбы иеленді. Бұл сайысты ұйымдастырып өткізген орыс тілі мамандары Жексембина А.Т.   мен Бекжан Ж.К.

13 сәуірде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Турганбекова Акбаян, Қасенова Ақмаржанның ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында үздік оқушыны анықтау мақсатында «Spelling Bee» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: ағылшын тілін үйренуге қызығушылықты арттыру;

- дарынды оқушыларды анықтау;

- пән бойынша сыныптан тыс жұмысты жандандыру;

- сөздік қорды кеңейту;

- орфографиялық дағдыларды дамыту

Байқау өте қызықты, тартымды, танымды өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

Бірінші тур: сергіту «Қандай сөз жасырылған?», екінші тур: Жұмбақ, үшінші тур: «Кім жылдам?», төртінші тур: Жаңылтпаш, бесінші тур: фонетика.

Пән бойынша білімдері молайып, оқушылар жан-жақты ізденді. Оқушылар шапшаңдыққа, ойын тиянақты жинақтауға, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренді.

          Мектебіміздің 4-сыныптар арасындағы бетке ұстар оқушылары қатысты. Қатысқан 4-сынып оқушылары: 4 А сыныбынан Шамаева Айсана, Тұрсынкелді Гүлсезім, Жанұзақ Жания, Жомартов Ерсайын; 4 Ә сыныбынан Серік Адия, Одабай Нұрила, Энгилик Інжу, Рымжанова Айсұлу; 4 Б сыныбынан Қадірхан Бақытбек, Нұрлыбай Салих, Сағи Исмаил, Сейсен Фариза; 4 В сыныбынан Қуандық Айдана, Бақытқызы Жұлдызай, Мұратқызы Інжу, Палуан Абдрахман; 4 Г сыныбынан Мұратәлі Думан, Абдулкапар Інжу, Даукен Альмира, Мұратәлі Дәулет. Байқау нәтижесі бойынша 4 «А» сынып оқушылары бас жүлдені иеленді. 4 «Ә» сынып оқушылары І орын, 4 «Б» сынып оқушылары ІІ орын, 4 В сынып оқушылары III орын иеленді. 4 Г оқушылары әр түрлі «Ең белсенді», «Ең ақылды» деген мадақтамамен марапатталды.

     Осындай интеллектуалдық сайыстар арасында, сабақтан кейін үзіліс кездерінде әртүрлі танымдық-дамытушы ойын, викториналар өткізілді. Мысалы «Ауа дартсы» ойынында (ұйымдастырушы Бекжан Ж.Қ.)балалар жарған шардың ішіндегі сұрақтарға жауап беріп жатса, «Тұлғаны таны» (ұйымдастырушы Сатыбалдина Қ.Б.)ойынында Қазақстанның танымал, белгілі тұлғаларын портреті бойынша анықтап жатты. Дұрыс жауап берген оқушылар өз сыйлықтарын алып мәз болды. 12-ші сәуір күні ғарышкерлер күніне орай викториналық сұрақтар ұйымдастырылды (ұйымдастырушы Сулейманова А.Т.) 


                                                                               «Ауа дартсы» ойыны кезінде

     Химия пәнінің мұғалімі  Есениязова Н. М. 7-8 сыныптар арасында «Қоршаған орта және химия» тақырыбында суреттер байқауын өткізді және 6-шы сыныптар оқушыларына «Кинотеатр күнін» ұйымдастырып берді. Суреттер байқауында өздерінің бейнелеу өнердегі шығармашылығын көрсетіп жүлделі орындарға 8 Ә, 8 В, 7 Ә, 7 Б сыныптары ие болды.


                                                                           Балалар кино көру кезінде

     Апталықтың 14.04. күні математика пәнінің мұғалімі  Әбілқайыр Назаржан 5-ші сыныптар арасында «Тапқыр болсаң, талас жоқ»   топтық интеллектуалдық сайыс өткізді. 

Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында «Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында мектебіміздің жас маманы Әбдіқадырова М.Т. 17 сәуірде пікірсайыс өткізді.

Дебатта 10 «А» сынып оқушысы Жанұзақ Саясат төрешілік етті.   Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Акылбекова қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. 

       Сайысқа төмендегі оқушылар қатысты:

  1. Құдайберген Айбын 9 «А» сынып;
  2. Әлімханұлы Тілеміс 9 «А» сынып;
  3. Абдубай Азель 9 «А» сынып;
  4. Оразаев Айбек 9 «А» сынып;
  5. Ахметова Сафия 9 «Ә» сынып;
  6. Асқарқызы Ұлпан 9 «Ә» сынып;
  7. Тенизбаева Анель 9 «Ә» сынып;
  8. Сайлаубай Айгерім 9 «Б» сынып;
  9. Әбдірәсіл Әділ 9 «Б» сынып;
  10. Есенғазы Нұрай 10 «А» сынып;
  11. Азатхан Ділнұр 10 «А» сынып;
  12.  Бектұрсын Жайна 10 «Б» сынып.


      Дебат барысында оппозиция тобы ұшқыр ой, тұщымды сөз, нақты деректер келтіріп жеңіске жетті. 10 «А» сынып оқушысы Есенғазы Нұрай, 9 «Ә» Асқарқызы Ұлпан, 9 «Б» сынып оқушысы Әбдірәсіл Әділ «Үздік спикер» номинацияларымен марапатталды. 

       Жас мамандар апталығы 17 сәуірде «Екі жұлдыз» жабылу кешімен аяқталды. Бұл кеште жас мамандар оқушыларымен жұп болып ән айтып, би билеп, сахна қойылымын қойып өз өнерлерін көрсетті.

     Жас мамандар тек қана өз пәнінен оқушылардың алдында сабақ қана бермей,  жан-жақты болуға тырысатындарын және оқушылар арасында талантты балалардың бар екенін көрсетті.





Анықтаманы жазған жас мамандар жетекшісі                 Нурсейтова С.Н.