«Оқуға құштар мектеп» жобасы » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында « Ақбілек» және «Қамар сұлу» романдары бойынша пікірталас 
12.09.23 ж. 
Сағаты:11.00-13.00
Өткізілетін орын: №36 мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 18 оқушы, № 36 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Ұлтанбекова Кәмшат, кітапханашылар М.Ахметова,Д.Турбаева.
Мақсаты: Оқушыларға «Оқуға құштар мектеп» жобасын таныстыру.Оқушыларды кітап оқуға тарту және әр түрлі әдістермен қызығушылықтарын арттыру. Қазақ жазушыларының шығармаларын насихаттау. « Ақбілек» және «Қамар сұлу» романдарын оқу және талдау.
Кітапханашы сөзі: «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында №7 және №36 мектеп оқушылары арасында « Ақбілек» және «Қамар сұлу» романдарын талдап, өз пікірлерімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Қощ келдіңіздер! Сіздермен бірге № 36 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Ұлтанбекова Кәмшат апайда қатысып отыр. Олай болса, қысқаша жазушылар туралы мәлімет айтып кетсек;Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректе 1890) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. 
Астаң-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов ерте қиылған, қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған ең көлемді прозалық шығарма – “Ақбілек” романы.
  1. Романның негізгі идеясы
  2. Романдағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлер
  3. Романды оқығанда алған әсерлеріңіз 
Ал, Қамар сұлу — Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы шыққан романы, жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған.
Жазушы шығарма Алтай елінде болған кездерінде ел аузынан алған, романға өмірде болған уақиғалар негіз болған. Романының идеясы Қамар мен Ахмет арасындағы махаббаттың трагедиясынан ғана туындамайды. Торайғыров әйелдер тағдырын адамдық құқығын ескермеген қоғамдығы түрлі әлеуметтік күштердің осы проблемаға қарым-қатынасын да бейнелеп көрсетеді.
  1. Осы екі  шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығы
Осы сұрақтарды талдай отырып оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Оқушылардың дайындығы өте жақсы,әсіресе №36 мектеп оқушысы Мұрат Ерасыл мен Ысқали Арыс, № 7 мектеп оқушысы Бегланқызы Жұлдыз өте белсенді қатысты.. Пікірталасты шығармалардан алған әсерлерін көркем сөзбен айтып   аяқтады. Іс-шара  жоғарғы деңгейде өтті. Келесі  іс-шараны ақылдаса отырып   № 7 мектепте   М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасы бойынша өткізуге келісілді.