"Дабыл" шарасы » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2022

"Дабыл" шарасы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі бойынша мектеп ұжымы мен қызметкерлері, 5-11 сынып оқушылары арасында   өткізілген «Терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру» мақсатында өткізілген шара  


        Білім басқармасы  Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы  30 наурыздағы « Қазақастан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  террористік  тұрғыдан   осал обеьектілері мен білім және   ғылым саласындағы  қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал обьектілерді   терроризмге қарсы  қоғауды  ұйымдастыру   жөніндегі нұсқаулық» орындау   негізінде кең ауқымды ақпараттық  жұмысты   жүйелі  түрде жүргізу  мақсатында   оқушылар мен  мұғалімдер арасында жүргізілген  оқу - тәжірибелік  сабақ   болып   өтті.


Өткізілген  уақыты : сағат 09.30

Қатысқандар:  753 оқушы, 55 мұғалім 

Төрайымы:   Мектеп директоры  Нұржан Оралханова 

Директордың орынбасарлары:  Т.Агильская, А.Курманбекова, С.Әпсалямов, М.Әбдіқадырова

       «Қазақастан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   террористік  тұрғыдан  осал обеьектілері мен білім және  ғылым саласындағы  қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал обьектілерді  терроризмге қарсы  қоғауды   ұйымдастыру  жөніндегі нұсқаулық»мемлекеттік бағдарлама жайында  ақпарат беру .  (Мектеп   директоры  Н.Оралханова)

  1. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, терроризге қарсы  мінез құлық және іс әрекеттер, терроризм  актісі жасалған кезде іс-шаралар  жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу керектігі  туралы   (алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Қ.Құдайберген)
  2. Практика жүзінде . «Лаңкестік  оқиға болған жағдайда  атқарылатын алғашқы  оқу –жаттығуларын»  көрсету


 Мектеп директоры  Нұржан Оралханова сөз алып  жиында   оқушыларға   Қазақстан  Республикасының  «Терроризмге қарсы   әрекет жөніндегі» заңының  І - тарау. Жалпы ережелерінің. 3- бап. «Терроризмге  қарсы  әрекеттің   негізгі принциптері  мен  мақсаттары» бойынша түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.  Тұңғыш елбасы   Н.Ә.Назарбаев    «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси   бағыты»  атты  халыққа жолдауы аясында берген тапсырмасына  сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан   2018-2022  жылдарға арналған Қазақстан Республикасында  діни  экстремизм мен терроризмге қарсы  іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру   мақсатында іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатқаны жайында айтып өтті. Терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру жайлы бейнефильм көрсетілді. Бейнефильмді көрсетудің мақсаты: оқушылар мен жас жеткіншектерді терроризмдерден-лаңкестерден аулақ болуға, діни экстремизмдерден сақтануға, оларға  Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін оята білу, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу болып табылады.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Құдайберген Қуан: Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу   керектігін  сондай-ақ  қазіргі таңда белең алып жатқан  адамзат терроризимнің  белең алуымен бетпе-бет келгендігі туралы айтты. Діни экстремизмді әсіресе интернетпен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек екендігі және қоғамда әсіресе діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке мүлде төзбеушілікті қалыптастыру керек. Сонымен қатар   қарапайым халықты  теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтері   ұйымдастырылып  жан-жақты жұмыстар  атқарылып жатқаны жайында толық айтып өтті. Терроризм, экстремизм сияқты қауіп –қатерге төтеп беріп, тиімді қарсы тұрудың ең басты шарты – ол қоғам мен биліктің өзара келісімі, ұлттық бірлігі. Сондықтан, осы да, басқа да қазіргі заманның сынақтары мен қателіктеріне қарсы тұру үшін – ең алдымен, қоғамның жетілуіне, бөлінуіне жол бермеу керек екендігін атап өтті Оқушыларға терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыруға байланысты оқушыларға видеороликтер көрсетіліп, көрсетілген ролик төңірегінде оқушылармен пікірлер алмасып, талқыланды. Отырыс соңында оқушылар мен жас жеткіншектер арасында терроризм жайлы өз ойларын ортаға салды.

Мектепте  жарылғыш  қондырғысына ұқсас  зат табылған кезде жасалатын  алғашқы   іс-әрекеттерді  орындау тапсырмасы бойынша 5-11 сынып оқушыларымен  оқу-жаттығу  сабағы өткізілді.  Жаттығу кезінде  оқушылар   төмендегідей  тапсырмаларды орындады.

  1. Мектепте жарылғыш зат қондырғысына ұқсас зат бар екендігін   тиісті орынға хабарлау. (Оқушылар  өздері телефонмен  қандай орындарға «110»  хабарласу    керектігін ,  білетіндігін көрсетті)
  2.  «Дабыл   қағылып»  сынып жетекшілер мен мұғалімдер  мектептегі  оқушыларды тез арада қауіпсіз аймаққа  шығарды.
  3. «Арнайы  топ»   және  алғашқы  әскери дайындық пәнінің  мұғалімі   Құдайберген Қуан  оқшауланған жердегі заттың  жарылғыш зат емес екендігін анықтады.

       Сонымен   дабылға байланысты  оқу жаттығу сабағы аяқталды.

Іс –шараның  өтілуіне   байланысты  мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  А.Курманбекова  сөз алып   бүгінгі  өткізілген терроризмге қарсы атқарылған  оқу- жаттығу сабағы  мазмұнды, сауатты, ережеге сай өткендігін атап өтті.