Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік
05
октябрь
2021

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік

           2 сыныптар арасында "Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік" тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
 Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, Жол белгілері, плакатқа жазылған сөздер, макеттер.

Көрініс: “Жол ережесін білесің бе?”

             “Жол белгілері сөйлейді”

 Ойын шарты: «Бағдаршам»
 
1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
 2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
 3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Жұмбақтар шешіп көрейік сайысы өткізілді. 
     Сынып оқушылары бағдаршам туралы және жол белгілері туралы ақпараттарды естеріне сақтай білді.