Профилактикалық кеңес » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2021

Профилактикалық кеңес

9, 11 сынып оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу және "Құқықбұзушылықтың, қаңғыбастықтың нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік және зорлық -зомбылықтың алдын алу" мақсатында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу

Қазақ қызды қонақ деп төрден орын беріп, қадірлеп өскен. Нәзік жандарды келешек ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі деп сыйлаған. Халық арасында «Жетелі қыз, жеті ұлға татиды» деген сөз бар. 

11 наурыз күні сағат 11.30 мектептің үлкен акт залында жалпы кезекшілік сынып топтарында оқып жатқан 9, 11 сынып қыздарына кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің және құқықбұзушылықтың, қаңғыбастықтың, жыныстық қол тиіспеушіліктің, зорлық-зомбылық  алдын алу мақсатында қыздар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналысқа мектептің тәрбие орынбасарлары А.Курманбекова, А.Орымбаева, педагог-психоло А.Танирбергенова, педагог-ұйымдастырушы А.Омарғалықова, сынып жетекшілер және арнайы сұраныспен Талғар қаласындағы Талғар Медициналық колледжінің мамандары Зульярова Захида, Ахметова Гульмира және бітіруші студенттер тобы қатысты. Жалпы қатысқан оқушы қыздар саны – 60. 

Жиналыс барысында тәрбие орынбасары А.Курманбекова сөз бастап оқушы қыздарға жиналыстың мақсаты мен қонақтарын таныстырды. Қыздарға медициналық колледж студенттері Беке Диана қыздарға «Ерте жүктіліктің алдын алу» туралы баяндамасын оқыса, Оңғарбай Диана «Котрацепция», Серғазы Айдана «Жыныс жолдарымен берілетін аурулар түрлеріне» тоқталып слайд, бейнероликтер көрсетіп, қыздарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қорытынды сөзді медициналық колледждің акушерия және гинекология маманы Ахметова Гүльмира мен Зульярова Захида қыздарға ерте жүктіліктің алдын-алу туралы сұхбат кеңесін берді. 

Сонымен бірге, мектептің педагог-психологы А.Танирбергенова қыздарға кибербулинг туралы ақпарат берді. Кибербулингтің түрлерімен, құрбандары кімдер болатынын, белгілері мен сипаттамасы қандай және оның жолдары туралы айта келіп, булингке ұшырамау кеңестерімен таныстырып өтті және оқушыларға мектеп формасы, санитарлық-гигиена туралы, тырнақ, шаш, сабаққа кешікпей келу туралы ақпараттар да айтылып өтті

Қорыта келгенде, қыздарға құқықбұзушылықтың, қаңғыбастықтың нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік және зорлық -зомбылықтың алдын алу, кибербеулинг туралы қысқаша мағлұматтарды алды. Қыздар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды. 

Бұндай шара әлі де жалғасын табады


МДТіО А.Курманбекова