Профилактикалық кеңес » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2021

Профилактикалық кеңес

9, 11 сынып оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу және "Құқықбұзушылықтың, қаңғыбастықтың нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік және зорлық -зомбылықтың алдын алу" мақсатында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу бойынша анықтама


«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптастады. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Халықымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. 

12 наурыз күні сағат 11.30 мектептің үлкен акт залында жалпы кезекшілік сынып топтарында оқып жатқан 9, 11 сынып ұлдар арасында  кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасында жүктіліктің және құқықбұзушылықтың, қаңғыбастықтың, жыныстық қол тиіспеушіліктің, зорлық-зомбылық  алдын алу мақсатында жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналысқа мектептің тәрбие орынбасарлары А.Курманбекова, А.Орымбаева, педагог-психоло А.Танирбергенова, педагог-ұйымдастырушы А.Омарғалықова, сынып жетекшілер және арнайы сұраныспен Талғар қаласындағы Талғар Медициналық колледжінің мамандары Зульярова Захида, Ахметова Гульмира және Талғар АПБ ЖПКБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Нурметов Б. Жалпы қатысқан оқушы ұлдар саны – 54. 

Жиналыс барысында тәрбие орынбасары А.Курманбекова сөз бастап оқушы ұлдарға жиналыстың мақсаты мен қонақтарын таныстырды. Ұлдарға медициналық колледж акушерия және гинекология оқытушысы Ахметова Гүльмира ұлдарға ерте жыныстық қатынастың салдарын, ұлдардың гигиенасы туралы ақпарат берді. Ерлер жыныс гигиенасы жөнінде нені ескеру керек? Еркектер көбіне елей бермейтін, бірақ оның денсаулығы үшін маңызды қандай мәселелер туралы да айтты. Жыныстық қатынас арқылы таралатын инфекцияның 30-ға жуық түрінің бар екенін, осы инфекцияларды сегіз топқа бөлінетінін айтып әр қайсысына жеке жеке оқталып айтып өтті. Сонымен бірген, Ұлдар гигиенасы туралы анығын айтып берді. Ұлдарға қалың киініп, белсіздіктен де сақтану керектігін де ескертіп айтты. 

          Талғар АПБ ЖПКБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Нурметов Бауыржан өз сөзінде оқушылардың құқық бұзушылықтары туралы, нашақорлық, шылым шегушілік туралы мағлұматтар берді. Түнгі рейд туралы да ақапараттар берді. Түнгі мезгілде жасөспірімдердің ата-анасының қамқорлығынсыз жүруге болмайтыны және осындай фактілер тіәркеліп жатса ата-анаға айп пұл салынатынын да ескертіп өтті. Құқық бұзушылыққа не итермелейтінін, оның салдары туралы да мағлұмат берді. Оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып ұтымды, қанағаттанарлық жауаптар ала алды. 

Сонымен бірге, мектептің педагог-психологы А.Танирбергенова қыздарға кибербулинг туралы ақпарат берді. Кибербулингтің түрлерімен, құрбандары кімдер болатынын, белгілері мен сипаттамасы қандай және оның жолдары туралы айта келіп, булингке ұшырамау кеңестерімен таныстырып өтті. 

Қорыта келгенде, ұлдарға құқықбұзушылықтың, қаңғыбастықтың нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік және зорлық -зомбылықтың алдын алу, кибербеулинг туралы қысқаша мағлұматтарды алды. Бұндай шара әлі де жалғасын табады


МДТіО А.Курманбекова