Қайырымды істер марафоны » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2021

Қайырымды істер марафоны

Алматы облысында «Кайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын іске асыру бойынша іс шаралар жоспары.

      Алматы облысы бойынша жүріп жатқан  «Кайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын іске асыру бойынша іс - шаралар жоспарының негізінде, соның ішінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру барысында халқымыздың жер бусанып, күн жылып, мамыражай Жаңа жылы келетін   наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін мектеп лицейі де қалыс қалмай, өз кезегінде көмек қолын созу үшін акцияны бастап кетті. 

    Адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік, қайырымдылқ жасау арқылы мейірімділік таныта алады. «Жақсылық істеуден жалықпа» деп халық даналығында айтылғандай әр адамның тамшыдай жасаған жақсылықтарын қосқанда үлкен дарияға, теңізге айналады. Жақсылық жасау -  адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершілік белгісі. 

     Мектебіміздің 7 «в» сыныбының сынып жетекшісі, көп жылдық еңбек өтілі бар, үлгілі ұстаз Дәрменқұлова Ғалия Аязқызы бастаған және ата – аналарды ұйымдастырып жүрген ата – аналар комитеті Рақымқожаева Асель  көмекті күнделікті өмірде көп қажет, азық – түлік түрінде ұйымдастырды. Бұл көмекті біз мектебіміздің әлеуметтік «аз қамтылған» жартылай жетім статусымен белгілі   9, 2, 3 сыныптарда және колледжде   оқитын ұлдары бар отбасыға ұсындық. Жалғызбасты ана Оторбаева Гаухар 4 баласын жалғыз асырап отыр.   

     Мектебіміздің 1 «а» сыныбының сынып жетекшісі, үлгілі ұстаз Қасымжанов Досан Қажыкерейұлы бастаған, ата – аналар  тарапынан ұйымдастырылған көмек күнделікті тіршілікте көп қажет, азық – түлік түрінде болды. Бұл көмекті біз мектебіміздің әлеуметтік «аз қамтылған» статусымен белгілі  5 сыныпта оқитын ұлы бар отбасыға ұсындық. Жалғызбасты ана Алимжанова Гүлнара Калкаевна 2 баласын жалғыз асырап отыр. Жалдамалы пәтерде тұрады, денсаулығына байланысты қазір жұмыссыз. 

Мектебіміздің 6 «ә» сыныбының сынып жетекшісі, үлгілі ұстаз Қыстаубаева Гүлнар Қамбарқызы және ата – аналарды ұйымдастырып жүрген ата – ана комитеті Бекмухамедова Жанар көмекті күнделікті көп қажет, азық – түлік түрінде ұйымдастырды.  Бұл көмекті біз мектебіміздің әлеуметтік «аз қамтылған» статусымен белгілі  7 сыныпта оқитын қызы бар отбасыға ұсындық. Зағип ана Баратова Гүлзада 2 қызды   асырап отырған ана. 

Ізгі істер жасап отырған ата-аналарға және сынып жетекшілерін үлкн алғыс білдіреміз!!!