Талғар аудандық прокуратура қызметкерлері Нұрсұлтан Бешенов, КДН маманы Айгерім Бакытовна және қала әкімшілігі бойынша балаларды қорғау бөлімінен Райгүл Дүйсенқызымен кездесу » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Талғар аудандық прокуратура қызметкерлері Нұрсұлтан Бешенов, КДН маманы Айгерім Бакытовна және қала әкімшілігі бойынша балаларды қорғау бөлімінен Райгүл Дүйсенқызымен кездесу
19
сентябрь
2023

Талғар аудандық прокуратура қызметкерлері Нұрсұлтан Бешенов, КДН маманы Айгерім Бакытовна және қала әкімшілігі бойынша балаларды қорғау бөлімінен Райгүл Дүйсенқызымен кездесу

        Бүгін  19.09.2023 жылыТалғар қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп лицейінде Талғар аудандық прокуратура қызметкерлері  Нұрсұлтан Бешенов, КДН маманы Айгерім Бакытовна және қала  әкімшілігі бойынша балаларды қорғау бөлімінен Райгүл Дүйсенқызының қатысуымен «Мектептегі зорлық-зомбылықпен қалай күресу керек?  және  буллингтің алдын алу тақырыбында түсіндірме жиыны өтті.
        Буллинг – қазіргі күні кеңінен қолданылып жүрген термин. Ол қорқыту, біреуді кемсітіп, намысына тиетін сөздер айту мағынасын білдіреді.
Күш көрсету немесе агрессия арқылы адамның өзгені қорлауы, одан үстем, мықты екенін дәлелдеп, әлімжеттік көрсету әрекеттерін буллинг жасаушы өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін жасайды. 
           Сөзбен, күшпен қорқыту – ол буллинг
Буллингтің түрі көп. Мысалы, қазіргі күні бірнеше түрін жиі естіп жүрміз. Олар: сөзбен, күшпен қорқыту. Көп жағдайда сөз арқылы әлімжеттік көрсетіп алып, соңы күшке ұласуы мүмкін. Бұл жалпылама айтқанда бір адамның екінші адамға үстемдік көрсетуі. Бір адамның екінші адамға күш көрсетуі жақсы емес
           Оқушылар арасындағы буллингтің себебі неде?
Мысалы, бір бала өзін мықты көрсеткісі келуі мүмкін. Сөйтіп ол екінші балаға үстемдік көрсеткісі келіп, жақтастарын жинап, балаға «байкот» жариялап, күш көрсетеді. Яғни мектептегі буллинг ол белгілі бір балаға бағытталады. Ол агрессия, қорқыту, мәжбүрлеу белгілері арқылы көрініс тауып жатады. Тіпті кейде мұғалімдер тарапынан жасырын түрде қорлау көрсеткен балалар жазалау түрінде буллингке ұшырауы мүмкін. Мектепте осындай кикілжіңге түскен балалар болса, мысалы, намысына тиетін сөздерді айтып жатқан балаларды ұстаздары байқап қалса, жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысып жатады. Тәрбие сабақтарында ата-анасына, баласының басқа бір балаға әлімжеттік көрсеткенін ескертіп жатады, - деп толықтырды ол.
          Жасөспірім мен буллинг
Қазіргі күні жасөспірімдер арасында буллинг белең алып бара жатыр. Жоғарыда айтқанымдай, жақтастары бір топқа жиналып алып, белгілі бір балаға мықты екендерін көрсеткісі келіп, түрлі әрекетке баруы мүмкін. Мысалы, зорлық-зомбылыққа жол беріп, ұруы мүмкін. Бұған әрине жол бермеу керек. Түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Оның заңсыз екенін айтып, балалар арасында ағартушылық іс-шараларын жиі өткізу керек. Яғни болған жағдайдың салдарымен күреспей, оның алдын алып, ондай жағдайлардың болдырмау жолдарын іздеу керек. Оқушы мұндай әрекеттердің бұрыс екенін түсінуі тиіс. Сол себепті зорлық-зомбылықтың соңы неге апаратынын ағартушылық жұмыстары арқылы түсіндіру қажет.
          Бала және қамқор ата-ана
Жасөспірімдік жаста агрессия пайда болады. Балалар өздерін мықты, күшті сезінгілері келеді. Екінші жағынан ата-ана сүйіспеншілігі мен қамқорлығы аз болуынан балалар өздеріне сенімді бола алмағандықтан әлімжеттікке тап болып жатады. Сондықтан отбасында бала мейірім, сүйіспеншілік, қамқорлық, сенімділік сезімдерін сезініп өссе, ол өзін кез келген ортада ұстай алады. Сенімсіз, әлсіз, әлжуаз, өз ойын айта алмаған жағдайда баланы басқалар басынып кетуі мүмкін. Сол себепті ата-аналарға айтарым, балаларға жақсы тәрбие беріп, сүйіспеншілікте өсірсе, бала кез келген жағдайдан өзін алып шыға алады.
Маман оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықпен қалай күресуге болатынына тоқталды.
Мектепте ағартушылық жұмыспен көп айналысу керек. Ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға зорлық-зомбылықтың  алдын алу үшін көптеген тәрбие сағатын өткізіп, үлкен іс-шаралар өткізу қажет. Сонымен қатар ата-аналардың әлеуметтік жағдайын зерттеп, олармен байланысты орнатқан жөн. Одан бөлек, баланың отбасындағы жағдайы қала екенін зерделеу керек. Сенім телефондары, сенім жәшіктері, мектептегі педагогикалық-психологиялық қызметтің жұмысын арттыру, одан бөлек, балалардың жан дүниесін түсінетін мамандардың бар екенін насихаттау қажет. Адамның құқығын таптамай, зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек. Ол үшін ақпараттар көп айтылғаны дұрыс.
         Сақтықта қорлық жоқ. Психолог кеңесі
Түнгі уақытта көшеде жалғыз жүрмеу, танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы адамдар жүрмейтін жерлерге бармай, күдікті жерлерден өзін аулақ ұстау керек. Егер тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі туып тұрса, сөмкесін, қажетті құжаттарын дайындап, үйден ертерек кетіп қалған абзал. Сондай-ақ үлкен адамдардан көмек сұрап, полиция қызметкерлеріне жүгіну керек. Балаларды зейінге, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек. Үйде жалғыз болғанда бөтен адамдарды үйге кіргізбеу, бөгде адамның көлігіне отырмау, қыдырып жүргенде бейтаныс адамдардан тәтті сыйлықтар алмау қажет. Егер баласының мектепте жәбір көріп жүргенін ата-ана байқап қалса, онда ол баласымен әңгімелесіп, барлығын егжей-тегжейлі сұрауы керек. Сол сияқты мұғалімдер де алдында отырған барлық оқушыны назардан тыс қалдырмай, көңіл-күйі, тәртібі, сабаққа қалай қатысып отырғанына дейін бақылауы тиіс.
         Мұғалімге барлық баланы назарда ұстау қиын болса да, егер баланың бойынан күдікті әрекет байқаса, онымен жеке әңгімелесіп, мектеп психологына, сынып жетекшісіне жіберуі керек. Десе де  ең бастысы ата-ана баланың күнделікті күн тәртібін назарда ұстағаны жөн.
Балада барлығы жақсы болуы, бірақ көңіл-күйі болмауы мүмкін. Мектеп тек оқуға ынталандырып, дағды қалыптастырады. Менің ойымша, тәрбие отбасынан болуы керек. Ата-ана мектеп, мұғалім туралы жағымды сөздер айтса, бала сол мектептен жақсы білім, тәрбие алады. 
     Құрметті ата-ана, оқушылар, ұстаздар әр уақытта еліміз  тыныш, жас ұрпағымыз аман болсын.












Похожие публикации:

01 сентябрь 2023 Ата-аналар үшін
05 январь 2023 Іс-шара аудандық
10 декабрь 2021 Облыстық семинар