ЗОЖ кабинетімен өткізілген кездесу » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗОЖ кабинетімен өткізілген кездесу
13
апрель
2022

ЗОЖ кабинетімен өткізілген кездесу

ЗОЖ кабинетімен өткізілген кездесу

       13 сәуір күні мектебімізде 9 сыныптар арасында  ШЖҚ «Талғар аудандық орталық аурухана»- мен «Жаман әдеттен сақтанайық!», "Жол-көлік жарақатының алдын алу", "Әр түрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрету" тақырыбында әңгіме сабағы өткізілді. Кездесуге ЗОЖ кабинетінің меңгерушісі, педагог валеолог Ақылбекова Айжан Махмутовна мен психолог Кусайнова Халия Бекеновна, мектептің тәрбие орынбасары Әпсалямов Сержан, педагог-ұйымдастырушы Әбдіқадырова Майра, мектеп медбикесі Алиакбарова Айсулу, 9 сынып жетекшілері, психолог Ибрашева Жанар қатысты. ЗОЖ кабинетінің психологы Халия Бекеновна 9 сынып оқушыларына жаман әдеттер (алкоголизм, темекі шегудің адам өміріне зияндылығы) туралы қысқаша  мағлұматтар берді, оқушылардан  жаман әдеттерге на жататынын сұрады, оның алдын алу қалай болатынын туралы ой қозғау ретінде  сұрақ-жауап жүргізілді. Оқушылар өз ойларын айта білді. Сұрақтарға ұтымды жауап ала алды. Сонымен қоса педагог-психолог маманы Айжан Махмутовна оқушыларға жол апаты кезінде өзін-өзі қалай ұстау керектігін,, сонымен бірге алғашқы көмек туралы ақпарттар беріп өтті. «Жаман әдеттен сақтану» туралы видеоролик көрсетті. Оқушылар сұрақтар мен видеороликтер арқылы көптеген мағлұматтар алды және өздерінің ойларында жүрген көптеген сұрақтарға жауаптар ала алды.