"Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері
01
июнь
2022

"Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері

"Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері

    Жаздың шуақты күндерәмен бірге балалар лагері де өз жұмысын бастады. Эазғы демалыс - балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізужәне оларды лагерге тарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өткәзілетін жыл сайынғы дәстүрге айналған шара. Мектепішілік бұйрық шығарылып бекітілді.
     Мектепжанындағы "Балдаурен" лагері мен оқу-өндірістік көгалдандыру жұмысы 01.06.2022 жылдан бастап, өз міндеттері мен мақсаттарын айқындап, бағдарлама негізгінде жұмысын бастады.
      І маусым бойынша 1 сыныптар мен 10, 5б сыныптары қабылданып жұмыстар жүргізілді. 1-нен 14-ші маусым аралығында лагердің жұмыс уақыты 09.00-ден басталып 13.00-ге дейін жүргізілді. 
     01 маусым күні бастауыштарды лагерге қабылдап, лагерьдің ашылу салтанатына байланысты жиын өткізілді. Жиында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тлеугазина Анар балаларды лагерьдің ашылуымен құттықтады. Сонымен бірге, Талғар қаласындағы "Жастар" стадионында балалар мерекесіне арналған шараға қатысты. Балалар жаз туралы өлеңдер, әндер айтып, асфальтке "Бақытты балалық шақ" суреттер салды.