"Балдаруен" лагері бойынша 15 шілде мен 28 шілде аралығындағы жұмыстар » “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі'' мкм
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімін" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7274) 2-55-95
Есепші бөлімі:
+7(7274) 2-32-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балдаруен" лагері бойынша 15 шілде мен 28 шілде аралығындағы жұмыстар
28
июнь
2022

"Балдаруен" лагері бойынша 15 шілде мен 28 шілде аралығындағы жұмыстар

15 шілде мен 28 шілде аралығындағы жазғы демалыс лагерінің жүргізілуі
    

         Балалардың жазғы демалысы- бұл жыл бойына жұмсаған күштерін жинақтау, денсаулығын түзету, шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру, өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыру мен жоспарларын іске асыру кезеңі.Сондықтан оқушылардың жазғы демалысын қызықты да мәнді ұйымдастыру сынып жетекшілер мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін талап етеді. Жазғы кезеңіндегі жүргізілетін жұмыстар, сабақтан тыс тәрбиелік мәні бар тәрбие жұмысының жүйесі, үйірмелер,спорт секцияларының жұмыстары еңбекке тарту түрлерінен тұрады.

    2021-2022 оқу жылының  оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру барысында  15-28 шілде аралығында І ауысымда 2-топ мектеп жанындағы «Балдәурен» демалыс лагерінде 5 топ жинақталды. Лагерь жетекшісі: А.Тлеугазина, Сәрсенбаева Е

1. 2 а «Толағай» тобы  Жауапты: Касымжанов Д

2. 2 ә «Жалын» тобы  Жауапты: Кожаканова Л

3. 2 б «Балдырған» тобы. Жауапты: Байсакалова А 

4. 2 в «Бүркіт» тобы. Жауапты: Сәрсенбаева Е

5. 2 г «Балауса» тобы. Жауапты: Нусупова Б

    15.06 күні Лагерьдің ашылу күні, тақырыбы: "Көңілді демалыс". Оқушылар "Лагерьдің қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Мақсаты: Оқушыларға лагерьдің ерекшелігін түсіндіру, жаз айындағы және лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Бұл күні оқушылар лагерьге қабылданып, оларға топтың аты мен ұраны таныстырылды. Лагерьдің ашылу жиынына дайындық жүргізілді. Таза ауаға серуендеп, кітапханаға саяхат жасады. Бұл күні лагерьге оқушылар қабылданып, лагерьдің ашылу салтанатына байланысты жиын өткізілді. Балалар жаз туралы өлеңдер, әндер айтып, би биледі. "Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!" атты лагерь ашылуы болды




    16.06. күні "Бақытты балалық шақ". Оқушыларды лагерьге қабылдап, таңғы жаттығу жұмыстары жасалынды. Балалар "Бақытты балалалық шақ" тақырыбында асфальтке суреттер салды. Оқушылар алыстағы достарына хат жазды. Хат жазу барысында көркем жазу ескерілді. Таза ауаға шығып серундеді. 






    17.06. күні оқушылар күделкті таңғы жаттығу жасалынып, Талғар қаласындағы "Алматы" қорығына саяхатқа барды. Қорықта көптеген құстар, жануарлар, жәндіктер жайлы мағлұматтар алып қайтты. Топтың ішінде қорықтан алған әсерлері туралы әңгімелер айтылды.


   
     20.06 күні "Әдептілік - әдемілік" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, аула клубына байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейсеков Дамирдің ұйымдастыруымен "Толағай" спорттық жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде:
2 "ә" сыныбы - 1 орын
2 "б" сыныбы - 2 орын
2 "в" сыныбы - 3 орын







  21.06 күні ағылшын тілі бойынша "Өз ойымды бейнелеймін" тақырыбында асфальтке сурет салу және ауыз екі тілде салған суретті бейнелеп беру жүргізілді. Сонымен қатар, әр топ би жарыстары болды. 
  22.06 күні орыс тілі пәні бойынша ертегілер әлеміне саяхатқа байланысты қойылыммдар өтілді. 
  23.06. "Ертегілер әлемінде" ертегі кейіпкерлер күні болды. Әр топ өзіне берілген ертегілерін оқып, өздері сахналық қойылым ұйымдастырды. "Қызыл телпек", "Бауырсақ", "Ұр тоқпақ" сахналанды. Балаларға қазақ ертегілеріне байланысты мультфильмдер көрсетілді.
     24.06 күні Алматы қаласына саяхат. Күнделікті оқушыларды лагерьге қабылдап, таңғы жаттығу жұмыстары жүргізілді. Саяхатқа шығар алдында оқушыларды көліктегі қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтті. Алматы қаласындағы "Наследники" ойын-сауық орталығынд балалар қызықты уақыт өткізіп, әр түрлі ойындар ойнады. Аниматорлардың көмегімен түрлі танымдық ойындар өткізілді. Жол бойы оқушылар қызықты әсерлерімен бөлісіті. 


      27.06 күні Топтар арасында "Лагерь аруы" байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Арулар әр бағытта сын көрсетті. Таныстыру, өз өнерін көрсету, тұрмыс-салт, мақал-мәтел туралы білімдерін көрсетті.
      28.06 күні "Қош, көңілді демалыс" лагерінің жабылу салтанаты ұйымдастырылып өткізілді. Әр шара стендтке ілінді

       Сонымен бірге оқушыларды еңбекке тарту бойынша оқу-өндірістік көгалдандыру жұмыстары да жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, еңбекке баулу. ІІ бригада жұмыстарын жалғастарды. 9а, 9ә, 9б және 5в, 5ә сыныптары пратикалық жұмыстар жүргізді. Оқушылар тек қана жұмысқа тартылып қана қоймай спорттық ойындар ойнады. Сынып бөлмесінің гүлдерін суарып, мектеп ауласындағы роза гүлдерді арам шөптерден тазартты.  Қорыта айтқанда оқушылар өз жұмыстарын тиянақты жасай білді.